Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
Біз өз ойымызды қайта бағдарламалауымыз керек жəне пайдалы сенім бізге қалаған нəрсені алуға көмектесуі үшін барлық жағдай жасайтын болады. Мұны істеу үшін оң, жағымды, позитивті мəлімдемелер (аффирмация) мен визуализация сияқты өзін-өзі гипноздау құралдарын қолданыңыз. Əнді ыңылдап айтудың өзі аффирмация, егер олардың сөздері сіздің бейсанаңызға жетсе. Бізге пайда беретін, нəтежиеге жеткізетін ойлар (сөз+бейне) керек.
РАСТАМА ЖƏНЕ БЕЙНЕ
Растамалар (аффирмация) өтірік шындыққа емес ақиқатқа негізделген болуы керек, позитивқа қана емес Құдай заңдылықтарына (дұрыс ойлауға) негізделген болуы керек.
Позитивті мəлімдемелермен немесе растамалармен жұмыс істеудің мақсаты – белгілі бір əрекетті немесе тəжірибені қолдау үшін сана мен бейсана ойларын пайдалы сеніммен толтыру. Соңғы нүкте амал-əрекет жəне оның эмоционалдық тəжірибесі, ал бұларды қалыптастыратын ой (ішкі сөз + бейне) және сенім.
Көбінесе растама (аффирмация) адамның қазіргі жағдайына байланысты емес. Олар біздің өміріміз қандай болуы керек деген идеямызға негізделген. Визуализация, яғни ақыл-ой бейнесі – бұл қиял әлемі арқылы бейнелерді көру, елестету қабілеті, қиялдағы бейнені өмір шындығына айналдыру. Қандай да бір ой сіздің басыңызда қайта-қайта пайда болған кезде, ол біртіндеп эмоционалды сезімге эмоцияға айналады. Визуализация басқарылатын қиял деп те аталады. Бұл кейбір өзгерістерді ынталандырудың тиімді əдістерінің бірі. Егер біз ойлардың шындыққа сəйкес келетініне сенсек, біздің ойларымыз шындыққа айналады. Күн сайын біздің басымызда жүздеген, мыңдаған ойлар пайда болады, бірақ бізге ең әсерлі эмоциялармен байланысты ақпараттар ғана əсер етеді. Визуализация – бұл ақыл-ой бейнесі белгілі бір эмоционалды реакция тудырғанға дейін біз қандай да бір қиялға назар аударатын процесс. Есіңізде болсын, ой эмоциялармен үйлескенде сенімділікті тудырады, ал сенім біздің шындықты өмірді қалыптастырады. Растау (аффирмация айту, жазу) – бұл оң, жағымды, позитивті ойлар. Біздің ойларымыздың (ішкі сөз + қиялдағы бейне) табиғаты өміріміздің сапасын анықтайды. Осылайша, егер сіз ойлауыңызға оң, жағымды, позитивті өзгерістер енгізсеңіз, сіз өмірді автоматты түрде тура жолға өзгерте аласыз.
РАСТАМАЛАР МЕН БЕЙНЕЛЕУ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Позитивті растауды қолдану – əдейі өзін-өзі гипноздау əдісі. ХХ ғасырдың басында француз дəрігері Эмиль Куэ бұл əдісті пациенттерін емдеуде сəтті қолданды. Ол олардан бір тұжырымды үнемі қайталауды сұрады: «Мен күн сайын жақсарып, жазылып келемін». Бұл көмектесті! Растама əрекеті ойларды айдау, тазалау принципіне негізделген. Егер сіз кранның астына бір стақан лас су қойып, оны таза сумен толтыра бастасаңыз, онда ерте ме, кеш пе таза су барлық лас суды кетіреді. Теріс, негативті, жағымсыз, пайдалы емес ойларды мақсаттар тұрғысынан оң, пайдалы ойлармен алмастырған кезде, дəл солай болады.
Сіз өзіңізді шектейтін наным-сенімдерден құтылуға міндеттісіз. Бейсанада бізге қалаған нəрсені алуға көмектесетін ойлар басым болуы үшін қолдан келгеннің бəрін жасау маңызды. Компьютерлік терминологияда «ГИГО» сөзі бар. Бұл ағылшын тіліндегі «garbage in – garbage out» деген сөзден шыққан аббревиатура, аудармада «кіру қоқысы – шығу қоқысы» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, егер бастапқы деректер (ақпарат) жалған болса, онда нəтиже жалған болады. Ал бастапқы деректерді кім енгізеді? Əрине, бағдарламашы. Егер бағдарламашы шындық ақпаратты бұрмалағысы келсе, ол жүйеге бұрмаланған деректерді енгізеді. Демек, ол енгізген ақпартқа бұрмаланған сеніммен жауап береді. Ұқсастық бойынша, егер сіздің жеке бағдарламашыңыз, яғни ақыл, бейсанаға дұрыс емес, яғни қисынсыз немесе жалған ақпарат берсе, онда ол дұрыс болмайды, қоқыс болады. Бес бейсанамызға жазған қоқыс ақпаратты кіргізе де шығара да аламыз, қоқыс шығарылмаса сіздің бейсанаңыз қоқыс жәшігіне айналады.
Логикалық тұрғыдан қарама-қайшы сенімдер бір-бірінен ерекшеленеді: біз бір уақытта, бір сәтте белгілі бір объект немесе құбылыс туралы екі қарама-қарсы ой-пікірді сақтай алмаймыз. Бір ниет туралы ойланып, өзіме «Мен қалаймын» не «Мен қаламаймын» деп айту мүмкін емес. Сондықтан сіз өзіңіздің бейсанаңызда қандай ойлар басым екенін мұқият талдап, оны дұрыс бағдарламалауыңыз керек. Эмерсон: «біз күні бойы не туралы ойласақ, сол бізбіз», – деді. Бұл шынымен де солай. Сонымен, позитивті растаманы қолдану – бұл сіздің бейсанаңызды сəттілікке бағдарламалаудың ең тиімді əдісі. Аффирмация сөзбе-сөз «бекіту», «растау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, сол ой қайта-қайта қайталанған кезде, ол жалған болса да шындық мəртебесін алады. Біз мидың нейрондарына бейсана арқылы өңделген сигналды жазып, сол арқылы өз сенімімізді растаймыз (аффирмация=ой=ішкі дауыс). Бейсана оны қабылдағаннан кейін, ол бірден оны жүзеге асыра бастайды. Күнделікті Растауды қайталау – сіздің өміріңізге қандай да бір өзгерістер енгізудің ең оңай жолы.