Бесплатная библиотека
Читайте книгу на сайте или телефоне
READ-E-BOOK » Бизнес » Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - Читать Любимую Русскую Полную Книгу 👉 Read-E-Book.com

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:

Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе? Сіз бірінші қалаған өміріңізді миыңызда қалыптастырасыз, сосын ол өмір шындығына айналады. Ал көптеген адамдар керісінше жасайды, олар бірінші әрекет етеді немесе қалағанына қол жеткізеді бірақ артынан қателіктерге, қиындықтарға ұрынып, өкініп жатады. Неге? Себебі о баста олардың миы дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдаған жоқ, ал оған кінәлі адамның қате, бұрыс, жалған сенімі мен түсінігі, өмірлік ұстанымы. Бұл кітаптың мақсаты Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасау және өз тағдырымызды өзіміз жазуға байқап көру.
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
1 ... 31 32 33 34 35 36 37 38 39 ... 80
Перейти на страницу:

КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ

Өзіңізге нақты мақсат қойғаннан кейін, оны жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы ой дереу пайда болады. «Мен мұны қалай жасау керектігін білмеймін. Мен не болатынын білмеймін. Мен өзімді дəрменсіз сезінемін. Маған кім көмектеседі? Мен оған ақша қайдан табамын? Егер ештеңе шықпаса ше? Кенеттен мен сəтсіздікке ұшырап қалсам ше?» – бейсана сізді ықтимал шығындардан қорғауға тырысады. Әрекетсіз әрекет жасау туралы шешім қабылдағаннан кейін сіз бірден «дұрыс емес, мүмкін емес» туралы ойлана бастайсыз. Сіз барлық қорқыныш пен күмəнді жоюыңыз керек. Егер сіз ақылыңызды жинақтап, өз мақсатыңызға күмәнданбай, қорықпай, барлық жағымсыз көңіл-күйді жеңсеңіз, кедергілер өзінен-өзі жоғала бастайды. Есіңізде болсын, кез-келген тапсырманы сəтті орындау – ішкі жағдайдың өзгеруінен басталады. Осыдан кейін ғана нақты əрекеттерді бастауға болады. Басқаша айтқанда, бірінші қадамды жасамас бұрын, сіз өзіңіз қалаған нəрсені алғаныңызға сенуіңіз керек. Себебі адам сенгенін көреді. Бейсана біздің дүниетанымымыздан тыс, тым көп мақсаттарды қабылдаудан бас тартады, сондықтан қол жетпейтін болып көрінеді. Мақсатты нақты, анық ету үшін, болуы мүмкін кедергілер мен қиындықтарды мұқият анықтау керек. Өзіңізден: «Қандай жағдайлар маған осы мақсатты жүзеге асыру жолында кедергі келтіруі мүмкін?» Бұл сізге қалаған нəрсені алу жолында нені жеңу, жою керектігін түсінуге көмектеседі. Бұл кедергілердің кейбіреулері оңай болады, кейбіреулері қиынырақ болады.

Көптеген адамдар жағымсыз сезімдерге назар аударудың қажеті жоқ деп сеніп, қиындықтар туралы ойламауды жөн көреді, бірақ сіз өзіңіздің жолыңызда кім немесе не болатынын білмей, түпкі мақсатқа жете алмайтындығыңызды түсінуіңіз керек. Сондықтан отырыңыз жəне «қашпаңыз және шайқасыңыз», ештеңені жіберіп алмауға тырысып, ықтимал кедергілердің толық тізімін жасаңыз. Сіздің қатысуыңызсыз, Құдай құдіретімен, кейбір кедергілер өздігінен жойылуы мүмкін. Алайда болуы мүмкін қиындықтар туралы ойламау қателік болады. Сіз бəрін алдын-ала болжай алмайсыз, кедергілер мен қиындықтарға қаншалықты жақсы дайындалсаңыз, белгісізді жеңу оңайырақ болады. Мүмкін қиындықтар туралы ойлар сізді аздап ренжітуі мүмкін жəне сіздің ынта-жігеріңіз біршама төмендеуі мүмкін. Сіз оларды жеңу үшін қанша күш салу, уақыт жұмсау керектігі туралы ойлана бастайсыз. Бұл жағдайда бір минутқа тоқтап, мақсатыңыздың пайдасы туралы ойланыңыз. Оларды алу жолындағы ықтимал кедергілерден асып кетпейінше, оларды қайта-қайта қайталай беріңіз.

Сіздің дұға-тілектеріңіз бен ұмтылыстарыңыз оларды жүзеге асырудағы мүмкін қиындықтардан əлдеқайда маңызды деп ойлаңыз. Есіңізде болсын, кез-келген уақытта сіз жоспардың орындалуын тоқтата аласыз немесе жалғастыра аласыз. Демек, қайтадан ойланып жаңадан бастауға болады. Бірақ қазіргі уақытта сіз үшін ең бастысы – бастау! Түпкілікті мақсатқа қатты қадалмай, жай ғана келесі қадамға ой жинақтаңыз. Бір міндетті бірінен соң бірін орындай беріңіз. Егер сізді теріс ой жеңе бастаса, қанша еңбек күтіп тұрғанынан шошымай, керісінше қуаныңыз. Ауыр жүкті көтере біліңіз жəне берілмеңіз. Мақсатыңызды үнемі есте сақтаңыз, бірақ қазіргі кездегі ең маңызды тапсырмаға назар аударуға тырысыңыз. Қадам – бұл мақсатқа жетудің ең маңызды қағидасы. Олардың ең үлкендері де кезең-кезеңмен жетуді қажет етеді. Сіз кедергілерді жеңудің жолын жəне төлеуге тура келетін шығынды нақты елестете аласыз. Кез – келген проблеманың шешімі бар жəне ол міндетті түрде табылады, өйткені барлық жауаптар біздің миымызда. Сыртқы факторлардан шешім іздеудің қажеті жоқ. Мұны түсінгеннен кейін, белгісіз Шексіз Күш-Қуат (Құдай) сізді дұрыс адамға, дұрыс жерге, дұрыс кітапқа немесе кедергілерді жеңуге көмектесетін жағдайға апарады. Өзіңізге қайталаңыз: «Мен əрқашан білуім керек нəрсені білемін». Сіз не жəне қалай істеу керектігін білесіз, өйткені сіздің жоғарғы «Мен», сіздің ішкі бағыттаушыңыз Жоғарғы Сана (Құдай) сəттілікке жету жолындағы əр қадамды көрсетеді. Сізден тек ашық, сезімтал, адал болып, өз сұрақтарыңызға жауап беру қажет. Осының арқасында сіз проблемаларды кедергі ретінде қарастыруды доғарасыз, өйткені сіз кез-келген қиындықтан жоғары жəне күшті екеніңізді білесіз. Мазмұндалған қағазға барлық сəттерді – дұға-тілектер, қабілеттер (сала, мамандық бойынша), мүмкіндіктер, пайда, қиындықтар жəне шешімдерді жазыңыз. Қуатты күштің келу құлшынысын сезініңіз. Сонымен қатар, сіз өзіңіздің шексіз қабілеттеріңізге, мүмкіндіктеріңізге байланысты барлық шектеулі түсініктерді өзіңіз ойлап тапқаныңызды түсінесіз.

1 ... 31 32 33 34 35 36 37 38 39 ... 80
Перейти на страницу:
0
Сюжет
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Атмосфера
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Главный герой
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Общее впечатление
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
Итоговая оценка: 0.0 из 10 (голосов: 0 / История оценок)