Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
Дін бізді дүниеқұмарлық пен нəпсіқұмарлықтан бас тартуға үйретті. Бұл өте маңызды, бірақ бұл сөздердің негізгі мағынасы бұл емес. Өмірдің негізгі мәні – қазіргі жағдайды қабылдау жəне қазір бар нəрседен лəззат алу өте маңызды, өйткені одан басқа (әзірше) сіз де ешнəрсе жоқ. Сіз қазіргі уақыттағы жан тыныштығына, өмірдің қуанышына, болғаныңызға разы болыңыз, сонда сіз қалаған нəрсеге жете аласыз. Қазіргі, бүгінгі күнмен өмір сүру – бұл жай ғана қазіргі жағдайды қабылдау жəне көп нəрсеге ұмтылмау дегенді білдірмейді. Сіз қазір арқылы болашақты жасайсыз. Жаратылыс деңгейінде – сіз қазірдің өзінде табысты жəне бақыттысыз.
Көптеген адамдар өмір бойы бір нəрсе жасауға, табуға тырысады. Іс жүзінде ең бірінші жасаудың, табудың қажеті жоқ. Тек болу керек яғни ақиқат пен шындық болу керек. Дəл осы ішкі жағдайды қазірден бастап жасау түпкі нəтижеге жеткізеді. Сіздің өмірдің сапасы амал-әрекетпен емес, ішкі сезіммен (эмоция) анықталатынын түсінуіңіз керек. Сіздің болмысыңыз яғни, «шынайы Мен», жаратылыс деңгейінде сізбен болып жатқан барлық нəрсені басқарады. Сіз барлық проблемаларды шешуге жəне өмірлік жағдайды жақсартуға назар аударған кезде, таңқаларлық нəрсе болады: сіз қазіргі барыңызды ұмыта бастайсыз. Демек бақытты болудың жалғыз жолы – қазіргі уақытта барыңызға қуану. Тағы да қайталаймын: бұл мақсат қоюдың жəне жоспар құрудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Сізге қазіргі сəттен лəззат алу керексіз, өйткені сізде барыңыздан басқа ештеңе жоқ. Болашақ үшін жасаңыз, бірақ қазіргі уақытта өмір сүріңіз. Біздің əрқайсымызда тек екі балама бар: не бар екеніне қуану, не жоқ екеніне мұңаю немесе болашаққа деген үмітпен өмір сүру. Үшіншісі өз-өзіңізді алдау емес, күту деп аталады. Сіз қалаған нəрсені алу сіздің өміріңізді, ішкі күйіңіздің деңгейін өзгертпейтінін есте ұстауыңыз керек, сондықтан сізде жоқ нəрселермен кім екеніңізді анықтауға жол бермеңіз, əйтпесе сіз өз өміріңізге ешқашан риза болмайсыз. Барға қанағат ете алмайсыз, өміріңіздің соңына дейін бір орында қаласыз. Өлі нүктеден алға жылжу үшін өмір сүріп жатқаныңызға, осы өмірде бар екніңізге қуаныңыз. Өмір – бұл белгілі бір баратын жер емес, жол-сапар. Сондықтан өзіңізді ешқандай жағдайға қарамастан жақсы көріңіз жəне сізде бар өмірден лəззат алыңыз. Бақыт – қол жеткізілген нəрседе емес, жетістік пен жеңіс процесінде. Өз сценарийіңізді жазу – өз мақсатыңыздың өмірде қандай болатынын, өзіңіз шешуді білдіреді.
НИЕТ ҚОЗҒАЛЫСҚА СЕРПІН РЕТІНДЕ
Ниет <Мақсат <Ішкі Қозғалыс
Бүкіл əлем сіздің ниетіңізбен белгіленген бағытта қозғалады, сондықтан кез-келген жағдайда нақты мақсаттар қою өте маңызды. Егер сіздің ниетіңіз мəнді жəне нақты болса, бейсана оларды жүзеге асыруға көмектеседі. Өмірге қанағаттанбау көп жағдайда мақсатты дəл анықтамаудың, түпкілікті нəтижені көзбен елестете алмаудың салдары болып табылады. Талапшыл, өте іскер табысы көп адамдар, неге жету керек, қалай жасау керек екенін өте анық біледі, жəне олардың өмірлері өздері қалағандай болады.
Көп адам жаман әдеттен арылу үшін, өзгеру үшін белгілі бір себеп іздеп жүреді, солардың бірі – жаңа жыл. Неліктен біз жаңа жылдың бірінші күнінде өзімізге берген уəделердің көпшілігі орындалмай қалады? Біз бекітілген, тұрақталып қалған қалау-ниеттерді басшылыққа аламыз: «Мен бұдан былай тəтті тамақ ішпеймін», «Мен енді балаларға айқайламаймын», «Мен бұдан былай темекі шекпеймін». Бірақ назар аударыңыз, бұл ниеттердің барлығы біз қалаған нəрсеге емес, біз қаламайтын нəрсеге бағытталған. Бұл түпкілікті нəтиженің психикалық көрінісі емес, керісінше, қазіргі жағдайға теріс реакция. «Ондай болмауы керек» деген сөз конструктивті емес деструктивті ішкі бұйрық, бейсана оны орындамайды. Бұл əлемдегі, бизнестегі жəне жеке өмірдегі көптеген проблемалардың шешілмеуінің басты себептерінің бірі. Біз тек проблемаларға ғана назар аударамыз, ал қалаған түпкі нəтиже тек «Мен енді бұлай істемеймін», «Бізге реформалар жасау керек» деңгейінде қалады. Ниет проблемаға емес оның шешу жолына бағытталса, керек пен қажеттің жолында мақсат қойылып, барлық күш-қуат пен уақыт қозғалысқа айналады. Шынайы жұмыс жасалуы ғана нəтиже береді, одан басқаның бәрі алдау.