Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
Егер сізде бір салада тəжірибе болмаса немесе мектепте бір пəн бойынша үлгеріміңіз төмен болса, бұл сіздің үйренуге қабілетіңіз жоқ дегенді білдірмейді. Сізге жай ғана білім мен тәжірибе қажет емес еді. Бірақ егер сізде оған қажеттілік пайда болатын болса, сіз білім мен тәжірибені тез игере бастайсыз. Себебі, сіз оның пайдасын түсіндіңіз. Мақсатқа жету үшін көмектен бас тартпаңыз, бірақ бәрібір 99% жұмысты өзіңізге жасауға тура келетінін ұмытпаңыз.
КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДАН ТАБУҒА БОЛАДЫ
Көмекті қайыр сұрау арқылы емес, қолдау сұрау арқылы алу керек. Ең дұрысы ешкім сізге көмектеспейтінін білгеннен кейін, өзіңізге көмекті өзіңізден артық ешкім бере алмайтынын түсіну.
Сіз адамдарға «кемшіліктеріне» қарап баға бермеңіз, олардың артықшылықтарын іздеңіз және соны үйреніңіз. Міне көмек! Өткен амал-əрекеттер, қателіктер, күнәлар туралы ойламаңыз. Арман-мақсаттардың «мүмкін еместігі» туралы ұмытыңыз. Міне көмек! Сіздің ақылыңыз, сіз ойлағаннан да əлдеқайда жоғары екендігіне сеніңіз, шектеулерді бұзып шығыңыз. Міне көмек!
Қайратты ұмтылыстар мен қатты қалау, барлық назарды арман-мақсатқа аудару – түпкілікті нəтижені міндетті түрде береді. Егер сізде қандай да бір идея немесе сенім болса жəне бұрын болмаған нəрсені жасағыңыз келсе, онда бұл идеяға деген сенімділік маңызды. Әрбір қалау-ниетті жүзеге асыру мүмкіндігі көмекті қабылдауға дайын болуыңызға байланысты. Егер сіз кітап оқып отырып оны ортан белден жаба салсаңыз, онда сіз кітаптан ешқандай пайда көрмейсіз.
Көмеке алу үшін сіз өзіңізді басқаларға сендіріп, қабілетіңізді дəлелдеуіңіз керек. Сіз мақсаттарыңызға жету үшін адамдарды ынтымақтастыққа тартуыңыз керек, сіз олармен сенімді қарым-қатынас орналату үшін бар күшіңізді салуыңыз керек.
«Адамдардың қолдауына қалай қолжеткізуге болады?» – əр адам осы проблемаға тап болады. Бәрі негізі өзіңіздің ішіңізде, қоршаған ортаның жалған сеніміне алданбаңыз, олардың ісі сіз үшін дәлел бола алмайды. Біздің əрқайсымыздың өз шындығымызды бар жəне біз соған сəйкес əрекет етеміз. Егер сіздің айналаңыздағы біреу шындық туралы жалған түсінікке ие болса, олар сіздің қалау-ниетіңіздің орындалмауына, мақсатыңыздың орындалмауына жəне т.б. логикалық себептерін келтіре бастайды. Ол жай ғана өзінің түсінігі мен сеніміне сəйкес ойлайды. Бұл сізді шектеулер мен бас тартуларға әкелмеуі керек.
Ең қиыны адамды ойлағанынан гөрі көп (артық) нəрсені жасай алатындығына сендіру. Сіз балаңыздың не істей алатындығын көресіз делік. Бірақ егер ол сіз қалағаннан артығырақ жасамаса, не сіз дұрыс көмектеспедіңіз, не өзіне қалай дұрыс көмектесу керек екенін үйретпедіңіз.
Мүмкін сіз өз қызметкерлеріңіздің немесе достарыңыздың шынайы əлеуетін болжай алмайтын шығарсыз, сіз олардан күдіктенбеңіз, себебі бұл басты проблема – егер олар өз əрекеттерінде шындық пен ақиқатты басшылыққа алса, олардан үйреніңіз, жабайы болмаңыз.
БАСҚА АДАМДАРҒА ҮМІТ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ
Сізден көп үміт күттіріп қоймаңыз, іспен дəлелдегенше асығыңыз. Жақсы менеджерлер, ата-аналар немесе ерлі-зайыптылар бір-біріне көмектесіп, үміт пен күту деңгейін арттыра алады. Олар өзі, өзге, өмір туралы түсініктерін өзгерте алады. Олар өздерін бұрын сенбеген нəрсеге сендіруге мəжбүр ете алады, содан кейін оларға ішкі диалог (аффирмация) пен қиял (визуализация) осы сенімді жүзеге асыруға көмектеседі.
Сіз адамдардға «дұрыс жолмен жүр» деп айта алмайсыз. Бүгінде олар бұған келісу үшін əлдеқайда күрделі болады. Баланы əлі де сендіруге болады, өйткені ол сенімге сүйенеді, бірақ көп ұзамай ол өсіп, логикалық ойлана бастайды жəне ұтымды дəлелдерді қажет етеді. Сіз басқаларға шындықты (өмірді) өзі ойлану арқылы құруға жəне осы кітапта сипатталған əдістерді қолдануға үйретуіңіз керек. Егер олардың біреуі сізді тыңдамаса, олар өздерінің сенімдерінің дұрыстығын растау үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды жəне ақыр соңында сіздің күш-жігеріңізді нөлге дейін жеткізуге тырысады немесе сізбен байланыс үзуге дейін баруы мүмкін, себебі оның сенім ауыр тас сияқты, жартастан құлату үшін үлкен күш пен біраз уақыт керек. Ал сіз ешқашан дұрыс жолдан таймаңыз. Егер де бір іспен айналыссаңыз, ол сізге стресс емес, бақыт пен көңіл толу, қанағат сезімін əкелетін болсын.
ӨЗІҢІЗДІ ОПТИМИСТЕРМЕН ҚОРШАҢЫЗ
Ортаңыз дұрыс жақсы болмаса, позитивті адамдарды іздеңіз, солармен көп əңгімелесіңіз. Айналаңыздағылардың арасында үнемі: «Бұл мүмкін емес. Шығатын жол жоқ. Мұны қалай жасауға болатынын білмеймін!» дейтін пессимисттердің сізге ешқандай пайдасы жоқ. Сіз адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ екеніне сенуіңіз керек, себебі бұның бәрі шектеулер. Қабілетті жоққа шығаруға мүмкіндік беру, бұл қалай? Басқаша айтқанда, сіз олардың пайдасы үшін өз құқықтарыңыздан бас тартасыз ба? Олай болса, өз өкілеттіктеріңізді қайтаруға асығыңыздар. Сіз өзіңізді бизнесте қандай адамдармен қоршайсыз? Олардың ойлары неге бағытталған – проблемаларға (пессимизм) немесе шешімдерге (оптимизм)? Айналаңызды мұқият таңдаңыз – өйткені ол сіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңізге үлкен əсер етеді, тіпті егер сіз оны өзіңіз білмесеңіз де. Айналаны адам таңдамайды, тағдыр таңдап береді дегенді ақылдан шығараңыз. Сіз өзгерсеңіз, орта өзгереді. Басқалардың теріс, жағымсыз, негативті көзқарасы – жұмыс тобында, отбасында, қарым-қатынаста болсын, жұқпалы дерт. Мақсатқа жетудің мүмкін еместігіне сенімді адам өзінің дұрыстығын дəлелдеу үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды. Жаңа бастамалардың жүзеге асатынына сенетін адам батыл қадам жасайды жəне өз жоспарын орындайды.