Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
БІЗ ІЗДЕГЕНІМІЗДІ ТАБАМЫЗ
Не іздесеңіз соны табасыз, нені өміріңізге тартсаңыз соны тартасыз, кімге ұқсаймын деп шешім қабылдасаңыз соған ұқсайсыз, қандай себеп жасасаңыз, соның салдарын көресіз. Міне, осылай болады!
Сізді автомобильдің белгілі бір маркасы қызықтырды делік. Мүмкін сіз оны жаңа ғана сатып алған шығарсыз немесе оны əлі де сатып алғыңыз келетін шығар. Назар аударыңыз, сіз белгілі бір брендті таңдағаннан кейін, бұл көліктер барлық жерде сіздің көзіңізге түсе бастайды. Неліктен? Себебі бұл бренд қазір сіз үшін ерекше мəнге ие болды. Кітап оқу сізге қызықсыз болса, онда ол сіз үшін мәні жоқ деген сөз. Дəл осындай жағдай іскери серіктестермен, жұмыспен жəне қарым-қатынас шеңберімен қайталанады. Сізге не қажет екенін терең түсінсеңіз, сіз бірден қолайлы мүмкіндіктер мен пайдалы ақпаратқа назар аудара бастайсыз.
Егер сіз өзіңіз қалаған нəрсені білмесеңіз, онда оны көз алдыңызда таба алмайсыз жəне көре алмайсыз. Дəл осындай принципті бизнестегі клиенттерге қолдануға болады. Ол адамдардың қажеттіліктерін анықтаңыз – оларды қалай қанағаттандыру керектігін түсініңіз. Оларға не қажет екенін білмей, сіз оларға қалай көмектесуге болатындығы туралы ақпаратты біле алмайсыз. Жəне сол арқылы ақша табу, кәсіппен, саудамен айналысу қиынға соғады. Жақсы əңгімелесуші болу үшін оны тыңдап, әңгіменің ауысуын күту керек, серіктеске ол үшін пайдалы ақпарат бере білу керек. Əйтпесе, сіздің сөздеріңіз оның санасына жетпейді – өйткені біз тек біз үшін құнды жəне маңызды нəрсеге ғана назар аударамыз.
ШЕКТЕУСІЗ ОЙЛАУ
Нағыз тəуелсіздікке ие адамдар біздің өмірімізде көп емес. Біз мүмкіндіктерді байқамаймыз, себебі біз өзіміздің бейсанамыз арқылы ақылымызды шектейміз. Себебі бізді шектеулі ойлауға үйретіп тастаған.
Біз шектеулерден тыс ойлануды үйренуіміз керек. Біздің ішімізде қарама-қайшы ақпарат немесе сенім ақылда кездескенде, біз əдетте психологиялық ыңғайсыздықты, жайсыздықты сезінеміз. Эмоционалды дисбалансқа жол бермеу үшін ақылымызда ашық қақтығыс тудыратын ойлардан, сөздерден қашамыз.
Шиеленісті жеңілдету жəне өзгерістерден туындаған алаңдаушылықтан арылу үшін мінез-құлықты немесе жағдайға деген көзқарасты өзгерту керек. Біз саналы түрде психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысамыз, қандай да бір жолмен қабылданған тəжірибені өмір туралы ойларымызбен біріктіруге тырысамыз. Ішкі жанжалдарды шешудің ең көп таралған механизмі – рационализация. Оның мəні – сіздің логикаңыздың немесе ойлау жүйеңіздің, əрекеттеріңіздің, ой-пікірлеріңіздің немесе мінез-құлқыңыздың себептерін түсіндіруге тырысу. Жалпы адамның қалай қалыптасатынына, бұзылатынына, түзелетініне мән беру.
Ақымақ болып көрінгісі немесе күлкілі жағдайға тап болғысы келмейтіндер, өзінің дұрыс адам екенін дәлелдеу үшін, жалған маска киіуге, өз ойын шектеуге мәжбүр болады. Басқаға тәуелді адам, өз іс-əрекеттерінің дұрыстығын растау үшін басқа адамдардың сөз-пікірлеріне құл болады. Яғни сыртқы Аффирмацияларға тәуелді болады және өз ойларын шектеуге мәжбүр болады. Өзінің дұрыстығын растайтын адамдарды ортадан іздеп жүреді.
Бір адаммен қарым-қатынасты сақтағымыз келсе, біз оның қадір-қасиетін бағалаймыз, оның кемшіліктерін саналы түрде елемейміз, біз оған бар шындықты айтпай оның ойлау жүйесін шектейміз. Шешім қабылдау барысында біз əдетте сыртқы жағдайға ғана мән береміз, ішкі жағдайды елемейміз, бұл біздің ақылымызды шектейді. Шектелген ақыл жаңа ақпаратқа сезімтал болмайды.
Бір өзгермейтін факт бар: қабылданған шешімнің немесе таңдалған мінез-құлық, бәрі өзімізден. Мұны селективті қабылдау деп атайды. Өкінішке орай, шектеусіз ойлаумен əрекет ету, белгілі бір таңдау жасау құқығымыздың бар екенін «Құлдық Сана» бізге ұмыттырып жіберген. Біз ұтымды, жеңіске жеткізетін шешімдер қабылдау үшін пайдалы болуы мүмкін ақпаратты бейсанаға жібермейміз, шексіз мүмкіндіктерге көзімізді жұмамыз. Біздің барлық назарымыз «мүмкін емес» деген сөзге бағытталған кезде, дұрыс шешім бейсанаға жете алмайды.