Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
Неліктен компания басшысы белгілі бір жоспардың орындалмайтындығына сенімді болу үшін ақша құртады, бұл орынсыз шығын ғой? Себебі ол бірінші қателескісі келеді, тек сонда ғана жоспардың, графиктің, статистиканың дұрыс бұрыстығы анықталады. Табысқа деген сенімділік осылай, шығын арқылы қалыптасады және компания осындай батыл шешімнің арқасында, мол байлыққа қол жеткізеді. Бейсаналық кедейлік ондай байларда жоқ.
Адам өзін өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары, көп білетін, көпті көрген, ойшыл оптимистармен қоршау керек. Ол оларға тек проблемаларды көруден гөрі шешім (нəтежие, дəлел) іздеуді үйретеді. Əрбір күшті адам мақсат қояды жəне оны жүзеге асыру үшін қажетті әрекетті жасайды. Егер адам жүзеге асатын, орындалатын мақсат қоюды үйренсе, ол шынымен керемет адам болады жəне ол өзіне өмірде максималды нəтижеге жетуге көмектеседі.
Жеке өсу мен даму немесе өмірдегі қандай да бір өзгерістерді жүзеге асыру үшін біз үміт пен күту деңгейін көтеруді үйренуіміз керек. Мұны істеу үшін сіз Құдай заңдылықтарына, өзіңізге жəне мақсаттарыңызға берік сенуіңіз керек. Біз өз идеяларымызды жүзеге асыра алатынымызды білуіміз керек. Егер қалғандары алдымен сену үшін көру керек болса, ал біз алдымен көру үшін сенентін боламыз. Біздің өз күшімізге деген сеніміміз басқаларға беріледі. Өзіне деген сенімділікпен жəне бізге көмектескісі келетіндермен – біз басқаларға мүмкін емес болып көрінетін нəрсені жасай аламыз.
СЕНІМНІҢ ШЫНАЙЫ МӘНІ
Өмірлік сəттіліктің барлық сыры басқалардың «мүмкін емес» деп санайтын нəрсені жасауға «Шексіз Күш-Қуат» табу. Өмір туралы ой-пікірге сүйене отырып, сіз қанша рет өзіңізге мақсат қойдыңыз? Сіз қазір не істегеніңізді емес (өткен шақ), өзіңіз қалаған жəне ұмтылатын нəрсені басшылыққа алуыңыз керек. Мұның бəрі бір сөзбен біріктіріледі – сенім. Сенім эзотерикалық немесе діни мағынада емес, психологиялық жəне физиологиялық ұғым ретінде. Егер сіз сана мен бейсана тандемінің қалай əрекет ететінін түсінсеңіз, сенім жаратылыстың табиғи процесінің негізі екенін білесіз. Əрекеттердің нəтижесі сіздің шығармашылық қабілеттеріңізге деген сеніміңізге байланысты екенін түсініп, сіз басқаларға «мүмкін емес» болып көрінетін проблемаларды жеңе аласыз. Сіз жай ғана өз қалауыңызға назар аударуыңыз керек, содан кейін сіз қалаған нəрсені жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты қарсылықсыз жəне ешқандай артық күш жұмсаусыз бейсанаңызға жеткізесіз. Сіз не іздесеңіз, ол да сізге қарай бағытталған. Бірінші қадам – көрместен бұрын сену.
5. Өз сценарийіңізді өзіңіз жазыңыз
Əр адамның өз əлеуетін, қабілетін іске асырудың, жан жарығын жағудың туа біткен қажеттілігі бар. Тек қиыны – бұл өсу мен дамуға деген ұмтылыс, жан құмары бізді қазіргі жағдайға (осы шаққа) үнемі наразылық етуге, қарсылық білдіруге мәжбүрлейді. Бізді бақытты етуге кедергі болатын үш негізгі сенім бар:
Бірінші: «Менде жоқ нəрсе менде бар нəрселерден жақсырақ». Басқаша айтқанда: «Ел-жұртта бар, менде неге жоқ?», яғни барымымздың бағасын, қадір-қасиетін білмейміз, ал бізде жоқ нəрсе əрдайым артығырақ болып көрінеді.
Екінші: «Менде бар нəрселер одан сайын көбейсе». Бізде қанша жеткілікті болса да, тіпті асып-тасып жатсақ та, одан да көп болса жақсы болар еді деген түсінік. Бұны басқаша дүниеге тоймау деп атайды. Негізінде бізден де жағдайы нашар, кем адамдар бар, бірақ оларды біз көргіміз келмейді.
Үшінші: «Мен қалаған нəрсені алған кезде, қалғаным орындалған кезде, қалағаныма жеткен кезде мен бақытты боламын». Бірақ бұл шынымен рас па? Біз салдарын білмейміз, адамның қалауының орындалуы өкінішке де қуанышқа да алып келуі мүмкін. Жаратушының заңдылығы сондай.