Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
Біз өмірге деген көзқарасты жиі қолданамыз. Сіз өмірге қалай қарайсыз? Мен сізге бере алатын ең жақсы кеңес – өткен өмірде сүрмеу. Əр сəт сізге бəрін жаңадан бастауға мүмкіндік береді. Кеш деген жоқ. Ал ақылда түрлі шектеулер бар.
СІЗ ШЫНЫМЕН НЕНІ ҚАЛАЙСЫЗ?
Табысты, бақытты, сәтті адамдар əрқашан өздері қалаған нəрселер туралы «жиі» ойлайды жəне алға қойылған мақсаттарына жете береді. Неге сіз солай жасамайсыз? Мұны өзіңіз шешуіңіз керек. Сізді не бақытты етеді? Сіз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба? Сіз нені үйреніп жүрсіз? Неліктен сіз басқа адам болғыңыз келмейді? Өзіңіз үшін шынымен не керек? Шын мəнінде, əрқайсымыз тек оң, жағымды, позитивті тəжірибені қалаймыз, бірақ бәрі ондай емес. Біз сезімдерді, эмоцияларды іздейміз. Себебі олар бізді басқарады. Біздің өміріміздің басты мақсаты – ең алдымен жағымды сезімдерді сезіну, ақиқатты сезіну.
Біз ұмтылатын арман-мақсаттардың өзі себеп болып табылады, ал салдарын, әрекеттің нәтежиесін біз білмейміз. Сіздің қызығушылығыңызды не тудырады? Немен айналысқыңыз келеді? Міне, сіз өзіңізге қоюыңыз керек негізгі сұрақтар.
Сіз мұны түсінгеннен кейін, əркімнің өз табар жауабы болады. Ақиқатқа, өмір заңдылықтарына сай болса – мақсатқа жету жолы əлдеқайда жеңіл болады. Сүйікті іспен айналысқаннан артық бақыт жоқ. Енді сұрақтарды, ойлануды доғарып, қызығушылығыңызға, немен айналысқыңыз келетініне байланысты әрекетке көшіңіз.
4. Мақсат қою шеберлігі
СЕНДІҢІЗ БА КӨРЕСІЗ
Көрмей жатып сену – өмірдің басты сынағы. Осы тарауда мен сіздермен мақсат қою мен жоспар құру ғылымының бірнеше құпиясымен бөліскім келеді. Кітапта кездестіретін ұғымдар мен ой-пікірлер сіздің өіңізге, өміріңізге деген көзқарасыңызды түбегейлі өзгертеді. Біздің дүниетанымымызда бəрімізге белгілі бір сенім мықтап бекітілген: «көремін, сосын сенемін». Басқаша айтқанда, «Мен өз көзіммен көрмейінше, сенбеймін», – дейміз. Адекватты сенім болып естілгенімен, бұл қате, жалған сөздер. Ақиқатқа сену үшін бірінші көру емес, сену маңызды. Бұл сынақтан сүрінбей өтсеңіз, сіз бұл өмірмен еш өкінбей қоштасасыз. Ал егер сіз көруді күтсеңіз, сіз дұрыс мақсат қойып, жоспар құра алмайсыз. Сондықтан адам көрмей тұрып сенуді үйренуі керек.
ЖАЛҒАН СЕНІМДІ ҚАБЫЛДАУ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІ
Тəуекелге барып кез-келген, жалған ақпаратқа сену адамның өсіп-дамуын, өзгеруін қиындатады. Бұл бірінші шындық, ал екінші шындық – адамдар өмірінің көп бөлігін өздерін жасаудың, рухани өсіп-дамудың орнына, уақытын күтуге жұмсайды.
Біздің шығармашылық əлеуетіміз бен энергиямыз (күш-қуат) қиялдың байлығына тікелей байланысты. Алайда қиялдың мүмкіндіктері біздің шындықты қабылдауымызбен шектеледі. Əркім оны белгілі бір шектеулерге дейін қабылдай алады, бірақ оларды кеңейтуге болады. Егер біз оларды өзіміз ойлап таппасақ, ешқандай шектеулер жоқ. Жағдайды түзету үшін алдымен шындық пен ақиқатты қабылдау керек, шектеулі немесе бұрмаланған сенім бар екенін түсіну керек.
Əр адам қоршаған əлемді (орта) өз көзқарасымен көреді жəне бұл бізді ерекше, бір-бірімізге ұқсамайтындай етеді. Бірақ бəрібір бəріміз дүние деп аталатын өмірдеміз, бірақ əркім əртүрлі (ішкі/сыртқы) жағдайда. Бірақ бəрі сол бір өмір. Аспанда ұш, жерде жүр, айырмашылық тек көзқарас, сенім мен түсінікте.
Әркім бір ақиқаттты әртүрлі түсінеді. Егер біздің қабылдауымыз шектеулі болса, біздің мінез-құлқымыз, ойларымыз жəне сезімдеріміз шектеулі болады. «Өзіміз жайлы шындықты» қабылдау бала кезінен жинақталған əсерлерден жəне ой-пікірлерден тұрады. Басқаша айтқанда, бұл біздің өмірлік тəжірибеміз. Біздің өмірімізге əсер ететін барлық нəрсені түсіну, сенімнің сапасын анықтайды. Бізбен болып жатқанның бəрі қабылдау сүзгісінен өтеді. Біздің əрекеттеріміз өзіміз ж/е өзге жайлы шындықты білудің деңгейімен өлшенед. Егер өзіміз, өмір туралы біздің ойларымыз қате, Жаратушы заңдылықтарына сай болмаса, онда əрекеттер қате болады. Демек, біздің проблемаларымыздың себебі біздің білгенімізде емес, білгеніміз туралы жалған сенімдерде жатыр.
Өзімізді толық түсіну үшін:
1) біз үнемі өзгеріп, жаңарып,
2) қабылдау шекарасын кеңейтіп,
3) айналамыздағы өзіміз, өзге, өмір, Жаратушы туралы ойларымызды байытуымыз керек.
Көптеген адамдардың дүниетаным жүйесіндегі ең көп таралған қате түсініктердің бірі – «көреміз сосын сенеміз». Шын мəнінде, біз бір нəрсені көрмесек, бұл оның жоқ екенін білдірмейді. Біз мүмкіндіктер мен шешімдерді олар жоқ болғандықтан емес, іздеу нысанын дəл анықтай алмағанымыз үшін көрмейміз.