Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗ ТЕК ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МА?
Сіз «сәттілікке жету моральы» ұғымымен таныссыз ба? Оның мəні қарапайым жəне мынадай: «Қалауыңа жет жəне сен бақытты боласың». Бұл тезистің негізі, егер адам көп жұмыс істеп, барлық проблемаларын шешсе, онда бір күні ол бақытты болады деген сенім. Әрине бұл «Шын Бақыт» емес. Себебі біздің ойларымыз бен əрекеттеріміздің көп бөлігі проблемаларды шешуге бағытталған. Өзіңіз білетіндей, сіз ойлағанның бəрі өмірге айналады. Сонымен, сіз не туралы ойлайсыз? Əдетте проблемалар туралы. Шын мəнінде, біздің көпшілігіміз оянған сәттен бастап бірінші кезекте сол күні қандай проблемаларды шешу керек, алда қанша жұмыс күтіп тұрғаны туралы ойлар келеді. Біз үшін жағдай қалай болу керек, жағдайды қалай түзету керек, қиындықтарды қалай жеңуге болатындығы туралы ойлануға дағдыланғанбыз. Сондықтан, бізде əрдайым уақыт жоқ, біз автоматты түрде келесі күнгі проблемаларға дайындаламыз немесе өткен проблемаларды еске түсіреміз. Бірақ өмірге қараңыз: проблемаларды шешу, қажырлы еңбек жəне қалаған нәрсеге жету қалаған зат, мүлікке ие болу өмірді толық жақсарта алмайды. Егер сіз мұны түсінсеңіз, өмірде жай ғана болудың белгілі бір жеңілдігі мен қуанышы жоғалады. Проблемалар, қалау-ниет, еткен еңбек, жұмсалған уақыт бұның барлығы салдары, ал «Шын Бақытқа» жету үшін адам себебімен айналысу керек.
ЖАРАТЫЛЫС ПРОЦЕСІН ТҮСІНУ
Жаратылыс процесі туралы сөйлесейік. Егер сіз өзіңіздің өміріңізді қайтадан құрғыңыз, құрастырғыңыз келсе немесе оны жақсартқыңыз келсе, жаратылысқа қарсы емес, онымен бірге жүруіңіз керек. Мұны істеу үшін алдымен болу керек, содан кейін жасау керек, содан кейін алу керек. Осы принцип бойынша барлық ғаламның заңдылықтары ұйымдастырылған. Болмыс – бұл қазіргі ақыл-ой жағдайы, бұл ішкі сезім, жалпы адам жаны. Сыртқы жағдайлар сіздің бақыт сезімін немесе өмірге қанағаттану дəрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл үлкен қауіп, өйткені сыртқы жағдайлар сіздің өміріңізді жəне өзіңізге деген көзқарасыңызды басқара бастауы мүмкін, әсіресе улаушы, вирусты ақпараттар. Егер сіз үнемі: «Мен бақытты боламын… (өзіңіз жалғастырыңыз) бір нәрсе істегенде, бір нәрсеге ие болғанда» – сіз ешқашан шын бақытты таба алмайсыз.
Жаңа жұмыс сіздің өміріңізді өзгертеді деп ойлайсыз делік. Сіз оны табасыз, бірақ көп ұзамай бəрі қалыпты жағдайға оралады: қайтадан жағымсыз адамдармен сөйлесуге, бір нəрсе үшін жауап беруге, уақыт өте келе, сіздің сезімдеріңізді бөліспейтіндермен жұмыс істеуге тура келеді. Жаңа жұмыс өзін-өзі қабылдауға айтарлықтай түзетулер енгізбегенін көріп, сіз бақыттың басқа көзін іздей бастайсыз. Тұйық шеңберде, мүмкін сіздің өміріңізді жаңа дос, жаңа үй, жаңа бала, жоғары жалақы өзгертетін сияқты көрінеді. Бірақ сіз қалаған нəрсені алған кезде, шын бақыт сезімі пайда болмайды. Ешқандай сыртқы факторлар бізді бақытты ете алмайды, өйткені бақыт – бұл ішкі жағдай. Іштей бақытты болуды білмейтін адам сыртқы қоршаған ортаның құлы болады.
НЕЛІКТЕН «СƏТТІЛІК МОРАЛЬЫ» ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Біз ғаламның «болу, жасау, алу» қағидасы бойынша құрылғанын айттық. Бірақ біздің көпшілігіміз өмірде басшылыққа алатын сəттілік этикасы, өкінішке орай, «жасау, алу, болу» деген басқа қағидаға негізделген. Осыған сəйкес, сіз əрекет жасайсыз бір нəрсеге (ақша, зат, мүлік,) ие боласыз, сол кезде сіз риза жəне бақытты боласыз. Бірақ бұл рас па? Шын мəнінде, біз жəне сіз бізден бұрын өмір сүрген адамдарға қарағанда əлдеқайда көп өмірлік артықшылықтарға ие болып өмір сүріп жатырқ. Біз қалаған нəрсені жасауға көбірек уақыт бөле аламыз, оны өз қалауымыз бойынша жұмсай аламыз, ақшамен де солай. Біздің өркениетіміз бұрын-соңды білмеген технологиялық даму деңгейіне жетті. Бірақ айналаңызға қараңыз – сіз жер бетінен жұмақ көресіз бе? Көбіміз ең бақытты жəне қанағаттанған адамдардан алыс екенімізді байқаймыз, бірақ шын мәнісінде бұл өмірде ешкім бақытты емес, ал ең бақыттылар тек өздерін солай санайды, есептейді. Неге? Себебі олар бақыт деген сөзді белгілі бір әрекеттермен не дүние-мүлікпен, танылумен байланыстырып қойған. Олардың арасында (шылқыған байлар, танымал жұлдыздар) өтірік бақыттылар толып жүр. Ал шын бақыттылар көп емес. Шын бақытты болу үшін не істеу керек?
Мəселе мынада, өмірдің өзі бүкіл ғаламмен бірдей принцип бойынша ұйымдастырылған: «болу, жасау, алу». Іштей бақытты бола отырып, сіз өзіңізден бақытты адам жасай бастайсыз, содан кейін, сіз бақытты деп санайтын күнделікті көріп жүрген, оларда да бар нəрсе, сіз де бола бастайды. Руханият шындықтарының бірі – қалау қателік пен өкініш тудырады. Басқаша айтқанда, егер сіз одан да көп нəрсені қаласаңыз жəне сізде бар нəрсені қабылдамасаңыз, сіз қиналасыз. Бірақ бұл сіздің өміріңізге жаңа пайда əкелмеу керек дегенді білдірмейді. Керісінше, адам мақсатты жəне шығармашылық сипатқа ие. Сонымен бірге, керек нəрсенің барлығы жеткілікті болғанына қарамастан, ақшаның саны көп болса да, көпшілігіміз бақытсыз боламыз. Біз үнемі бізде жоқ, ел-жұртта бар нəрсені қалаймыз жəне біз оны алған кезде, бақытты сезінудің орнына, біртүрлі сезім туындайды: «осы-ақ па?», «жалғасы жоқ па?». Көңіл толмаушылықтан қаншама адам адасып келеді. Адамзат ғарышты бағындырып, аспанды жаулап аламыз деді, бірақ тілектің орындалуымен бірге көңілсіздік пайда болды, өйткені аспан бізге әлі толығымен бағынған жоқ.