Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
Көбісі Реалды іс, ой мен сөзден биік деп ойлайды: «Сөзіңді ісіңмен дәлелде» деп кеңес береді. Негізі бұл қате. Сөзді іспен дәлелдеу мүмкін емес, біз іс-əрекетімізді сөз (ойымызбен) ғана дәлелдей аламыз. Ісің қандай болса ой (сөзің) сондай деген сөз. Сондықтан ой мен сөз реалды іс-əрекеттен әрдайым биік. Іс-əрекет ой мен сөзден пайда болады.
Біздің ойларымыз шындыққа айналады. Біз физикалық, эмоционалдық жəне психологиялық тұрғыдан өз іс-əрекеттеріміз бен сезімдеріміз арқылы бейсанаға салынған ойларды іс жүзінде жүзеге асырамыз, дұрыс па, жоқ па, мән бермейміз. Бұл бейне мида бар болса да, біз оны ерікті түрде жүзеге асыруға тырысамыз. Психикалық көріністі басқаратын ішкі диалог (аффирмация).
Қазіргі уақытта біздің əдеттегі мінез-құлқымыздан өзгеше болса да, біз қалаған əрекетті қиялдау арқылы қалай жасайтынымызды елестете аламыз. Есіңізде болсын, алдымен ой пайда болуы керек, содан кейін ол бизнеске айналады.
Өз əрекеттеріңіз туралы ойламаңыз. Ішкі диалогпен жұмыс жасаңыз, бұны дұрыс ойлану салтына айналдырыңыз. Жоспарланған нəтижеге жету үшін ойларды (ішкі сөздерді) үнемі бақылап отырыңыз. Өзіңіз туралы ой-пікір өзгерген сайын сіздің мінез-құлқыңыз да өзгереді. Біздің шығармашылық бейсана əрқашан біздің мақсатымыз қандай шексіз кеңістікте екенімізді нақты біледі. Егер біз кенеттен дұрыс курстан бас тартсақ, теріс кері байланыс бізді бұрынғы әдеттерге, өзгеге қайта құл болуға оралуға итермелейді.
Конструктивті «Ішкі диалог» (аффирмация) шығармашылықты ынталандырады, дұрыс адамдарды, объектілерді, ақпаратты тартады немесе қиялда жасалған арманды жүзеге асыру үшін қажет нəрсені іздеуге итермелейді. Бірақ бірінші қадам – бұл бейнені (визуализация) жасау. Онсыз ешқандай өзгеріс болмайды. Бейсананың шығармашылық механизмі сіз үшін сіздің шығармашылық əлеуетіңізді толық пайдалану үшін тамаша мүмкіндік болып табылады. Ол біздің ақыл-ой бейнемізді іс жүзінде жүзеге асыруға ұмтылғандықтан, біз бұл бейне, қиялды саналы, ерікті түрде бақылағанымыз өте маңызды. Соңғы мақсат өте нақты тұжырымдалуы керек. Біз не нəрсеге қол жеткізгіміз келеді? Соңғы нəтиже қандай болуы керек? Егер сіз оны елестете алмасаңыз, онда сіз ешқашан арманыңызға жете алмайсыз. Негізі сіздің армандарыңыз орындалып қойған оны тек аффирмация, визуализация, эмоция арқылы жүзеге асыру қалды.
ӨЗГЕРІСТЕРДІ МƏЖБҮРЛЕУ СƏТТІЛІК ƏКЕЛМЕЙДІ
Сәттілік пен Табысқа жету жолындағы ең үлкен қателіктердің бірі – өзгерісті мəжбүрлеу, мысалы сіз, ерік-жігерлі болуға тырысып, өзіңізге: «Мен мұны істеуім керек», «Мен салмақ тастауым керек», «Мен көп жұмыс істеуім керек» деп айтсаңыз, мəжбүрлеу сіздің санаңыздағы қажетті нəтижеге жетуге кедергі келтіреді. Сіз өзіңізге бір нəрсе «жасау керек» деп айтқан сайын, бейсанаға салмақ түсіресіз. «Мен… керек» дегенде, сіз: «Мен мəжбүрмін, бірақ егер ертең істей алмай қалсам, мен сәтсіз адаммын» дегенді білдіресіз. Сіз одан кейін артығырақ тырысасыз және өзіңізді одан сайын мәжбүрлейсіз, ең жаманы – асығыстық танытасыз және қателесіз.
Сіз: «Керек» деп айтудан бас тартып, «Мен осылай шештім» деп айтуға көшуіңіз керек.
Жалпы «керек» деген сөз, саясаткерлердің ең көп қолданатын сөзі екен, бірақ олардың керек деп айтқандары іс жүзінде көбісі орындалмайды. Себебі олар іске асыруға шешім қабылдаған жоқ, тек жоспарлады, ал жай «керек» ешнарсені өзгертпейді.
Өзгерте алатын немесе өзгерткіңіз келетін нəрсені түсіну сізге үлкен күш береді. «Мен жасағым келеді» -ні, «Мен жасай аламын» – ға өзгертіңіз. Сіз өзіңіз ойлағандай бола аласыз жəне осы мақсатқа дұрыс көзқараспен қарай аласыз, тек миыңызда өзіңіз бүлдірген ойларды (сөздерді) өзгерту маңызды. «Маған… керек» деген қарапайым қажеттіліктер, «Мен осылай шештім» деген нақты әрекетке көшемін дегенді білдіреді.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: СІЗДІҢ СӨЗІҢІЗ-ЗАҢ
Егер сіз əрқашан өзіңізге жəне басқа адамдарға берілген уəделерді орындап жүрсеңіз, онда сіз мықты адамсыз. Сіздің рухани күш-қуатыңыз сіздің сөзіңіздің күшіне тең. Егер сіз біреуге, белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде болатындығыңызды айтсаңыз, онда сіз оны орындауыңыз керек, өйткені əрбір орындалмаған уəде сіздің күшіңіздің (энергия) бір бөлігін алады. Бір нəрсені өзгерту ниетін білдіре отырып, сіз басқаларға ғана емес, өзіңізге де сөз бересіз. Өзіңізге уəде беру, өзіңізге сене алатындығыңызды білдіреді. Осы күшпен, осы сезіммен, осы сенімділікпен сіз үшін «мүмкін емес» деген сөз жоқ, өйткені сіз өз жоспарыңызды жүзеге асыра алатындығыңызды білесіз. Ең бастысы – керексіз, қажетсіз, пайдасыз ақпаратқа назар аудармау жəне қажетті, пайдалы ақпаратқа ақылмен назар аудару. Сіз жалған ақпаратты бейсанаға жазуға уақыт жұмсамаңыз. Уақытыңызды пайдалы, табысты жұмсайтын саудагер болыңыз. Ақылыңыз сіздің жеке кәсібіңіз, сондықтан сауданы адал жасаңыз яғни өзіңізбен шынайы болыңыз.