Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #3
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93740-6
- Жанр: Маркетинг и реклама
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім». Краткое содержание книги:
Қаржылық жағынан тиімсіз, солай емес пе? Егер сіз әділетсіздікке қарсы тұра алсаңыз, онда сіз байқар едіңіз, табысыңыз шығыныныңыздан көп болатынын. Ойланыңыз! Егер сіз шынымен әділетсіздіктен шыға алсаңыз және сіз былай деп айтуға ерік-жігер табсаңыз: «Мен бәрін кешірдім және ұмыттым, бұл жай көпір астындағы су ғой» – сіз әділетсіздік салдарынан жоғалтқан шығыннан гөрі көп пайда аласыз және жаңа өмірлік кітапты өкпе-ренішсіз тек махаббатпен жазыңыз.
Көлеңкеден секіру
Бала кезімізде достарымызбен «Көлеңкеден секіру» атты ойынды ойнайтынбыз – әрқайсысы келесі адамның көлеңкесінен секіруге тырысу керек ойын болатын. Біз ол кездері көлеңкемізді жақсы байқайтынбыз. Ал сіз өз көлеңкеңізге соңғы рет қашан қарадыңыз?
Сіз оқуға не жазуға отырғанда, оны бейсаналық (еріксіз) түрде байқай аласыз: сіз дұрыс емес позицияда екеніңізді көресіз, себебі сіздің басыңыздың әсерінен көлеңке пайда болып, түсіп тұрған жарықты жабады. Сіз не орындықты жылжытасыз немесе үстел шамын жылжытып көлеңке кітапқа түспеуі үшін өзіңізге қолайлы жағдай жасайсыз. Көбінесе біз өз көлеңкемізді мүлде елемейміз. Алайда, біз өмірде оның көлеңкелі жағын жиі байқаймыз, бірақ оның үстінен жарқырап тұрған жарықты байқамаймыз.
Егер сіз дәл қазір өз көлеңкеңізге қарасаңыз, содан кейін көзіңіз жетеді, оны көрудің жалғыз жолы – арқаңызды жарыққа бұру. Көлеңкеге дәл қазір қараңыз, сонда сіз көресіз, сіз жарық көзіне арқаңызды бұрасыз.
Дәл осылай сіз өмір сүресіз. Сіз өміріңіздің көлеңкелі жақтарын байқайсыз немесе сіз өзіңіз көлеңкелі деп санайтын жағдайларды іздеп табасыз: бұл денсаулыққа байланысты проблемалар, қаржылық қиындықтар, отбасылық ажырасулар болуы мүмкін. Сіз оларды өміріңіздегі жарық көзіне бұрылғанда ғана байқайсыз. «Әмбебап Ақылдың» (Жаратушының) жарығы айналаңызда қозғалады және сіздің жүрегіңізге дейін жетеді. Сіздің денеңіз арқылы, сіздің өміріңіз бен күнделікті істеріңіз арқылы – сізді денсаулыққа, бақытқа және ойларыңыздың тазалығына жетелейтін жарық. Егер сіз бұл жарыққа арқаңызды бұрсаңыз, сіз өзіңіздің өміріңіздің көлеңкесін ғана байқайсыз.
Сіз бұл туралы ойланыңыз. Өміріңіздің көлеңкелі жақтарына назар аударыңыз және өзіңізден сұраңыз: «Мұның бәрі менің өмірімдегі жақсылықты көре алмауымнан ба?» деп. Өмірдің қиыншылықтарын анықтау оңай, бірақ біз өміріміздің әсемдігіне қанша ой мен уақыт бөлеміз? Бірақ көлеңкелер тек жарықта көрінеді. Егер сіз барлық жағынан жарықтандырылсаңыз, сіз ешқандай көлеңкені байқамас едіңіз.
Тек біздің жарыққа бұрылудан бас тартуымыз, көлеңке туралы ойлануға уақыт жоғалтуға мәжбүр етеді. Құрметпен және ризашылықпен өміріңіздегі жақсылыққа (жарыққа) бет бұрыңыз, сонда көлеңке сізге билік пен үстемдік етпейді.
Сіздің әрбір сөзіңіз – сіздің кім екеніңіз
Сіз адамдармен қарым-қатынас жасауды білесіз бе? Сіз мінберге шығып, үлкен аудиторияға сөйлей аласыз ба демеймін. Мен сіздің әдеттегі күнделікті қарапайым қарым-қатынасыңызды сұрап тұрмын. Сіздің орныңызға жауап берейін. Әрине сөйлей аласыз, қарым-қатынас жасай аласыз. Сіздің айтқаныңыздың бәрі тыңдаушыларға әсер етеді. Сіз сөйлегенде басқаларға қандай әсер қалдырасыз? Егер сіз юморға бейім болсаңыз, онда адамдар күлетін шығар. Егер сіз ашуланшақ адам болсаңыз, сіз басқаларда қорқыныш пен ренішті оята аласыз. Егер сіз мейірімді және ізгі ниетте болсаңыз, мүмкін сізбен сөйлесуден кейін басқа адамдар жан дүниесінде жылулық сезінетін шығар. Егер сіз үнемі шағымданып жүрсеңіз, сіз басқа адамдарға өзіңіз туралы пікір білдіруге көмектесуіңіз мүмкін.
Сіздің әр сөзіңіз тыңдаушыға әсер етеді. Сіздің бұған сенетініңізге сенімдімін. Сіз, қарым-қатынас жасайтын барлық адамдар туралы ойлайсыз, және сіздің сөздеріңіздің әсері қаншалықты аз немесе үлкен болса да, сөздердің әсері бар екендігіне келісуіңіз керек. Мен бұл ойды кеңейткім келеді: сіздің айтқаныңыздың барлығын еститін бір ғана адам бар, ал бұл адам – сіз! Басқалар, сіз айтқандардың, бір бөлігін ғана естиді, бірақ сіз, әр сөзіңізді, өзіңіз ғана естисіз. Сондықтан сіз басқаларға қалай әсер етсеңіз де, бұл әсердің бір бөлігі ғана болады, барлық әсерді, сіздің айтқан сөздеріңізден – өзіңіз ғана аласыз. Ойланыңыз: сіздің сөздеріңіздің күші мен олардың сіздің өміріңізге әсері орасан зор.