Бесплатная библиотека
Читайте книгу на сайте или телефоне
READ-E-BOOK » Маркетинг и реклама » Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім - Читать Любимую Русскую Полную Книгу 👉 Read-E-Book.com

Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім

Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім». Краткое содержание книги:

Күнделікті газеттер беттерінен (менің ойымша газет оқитындар әлі бар), кинотеатрлар мен теледидар экранынан, кітаптар мен көшедегі жарнамадан, интернеттен, әлеуметтік желілерден біз басқа адамдардың дауыстарын естиміз, олар бізге не ойлау керектігін айтады, бізге қалай өмір сүру керектігін және неге сену керектігін түсіндіреді. Cол себепті бәріміз попугайға айналдық. Мен жазған идеяларды оқыңыз және олардың пайдасын өз тәжірибеңізде сынап көріңіз. Идеяларды аямай сынаңыз. Себебі мен сіздердің попугай болғандарыңызды қаламаймын!
1 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 34
Перейти на страницу:

Бақытты өмірге қол жеткізу үшін Америкаға барып білім алудың немесе Турциядан үй сатып алудың қажеті жоқ. Менің ойымша, егер сіз өзіңіздің ішіңізде тыныштық пен үйлесімге (баланс) қол жеткізе алмасаңыз, онда сіз қай жерде болсаңыз да бақытсыз боласыз.

Күнделікті күйбең тіршіліктің арқасында біз демалуға және өзімізге көңіл бөлуге уақыт жоқ деп ойлаймыз, бірақ егер біз сәтті, бақытты және табысты адамдар сияқты болғымыз келсе, уақыт табуымыз керек. Білесіз бе, біз өз-өзімізді толықтай қамтамасыз ете алатын жаратылыс емеспіз. Сондықтан біз әрдайым Жаратушыға тәуелдіміз. Өзімізден абсолютті жоғары «Шексіз Күш» пен шыдамдылықтың арқасында біз өз ойымызды ашық ұстауға үйрене аламыз – осылайша күнделікті жан-дүниеміз күйзелістен шығып ішкі тыныштыққа енеді. Бұл сізден соншалықты үлкен күш немесе көп уақыт талап етпейді. Бізге жай ғана ес жиып, жан мен тән арасындағы конфликтті шешіп, тепе-теңдікке, татулыққа қол жеткізу керек. Себебі жан құмары (десін/демесін) мен тән құмары (тамақ ішу, ұйықтау) әрдайым сіздің ішіңізде билік үшін таласады.

Бүгіннің өзінде сіз тығылатын тау үңгірін немесе жалған бақыт аралын таба аласыз. Есіңізде болсын: сізге қажет шын бақыт – сіздің ішіңізде. Ал оның кілті – нәпсі (жан + тән) тепе-теңдігін сақтау.

Бұзылып кетуіне жол бермеңіз

Сіз тоңазытқыштан жегіңіз келетін тамақты алып, оны қайта қыздырып, кенеттен басқа жерге біреу түскі асқа шақырып қалған жағдайда не істейсіз? Тағы қайтып тоңазытқышқа тағамды салуыңыз екіталай, сіз түскі астан бас тартып, тоңазытқыштан алған тамақты жейсіз, себебі сіз оны жылытып дайындап қойдыңыз, ал тамақты ысырап етіңіз келмейді. Менің ойымша, біз өз өміріміз туралы ойланған кезде де, бұл нәрселерді есте ұстауымыз керек.

Марк Твен бұл мәселені кішкене әзілмен өте анық және нақты айтқан, ол өзі осы туралы айтқанды ұнататын. Бір адам күнде күніне екі рет оның үйіне келеді екен, балық ұсынып, бірақ Марк Твен бас тартатын: «Жоқ рахмет, маған балық қажет емес». Біраз уақыттан кейін оған ой келеді, «бұл адамның табандылығы сыйға лайық» және ол әйеліне: «Мен одан балық сатып аламын» дейді. Ол ақыр соңында солай жасайды. Балық түскі асқа (ланч тайм) дайын болғанда, мүлде жеуге болмайтын болып шықты. Келесі күні саудагерді көрген Марк Твен оны шақырып алып: «Тыңдаңызшы, бұл балық жеуге жарамсыз болып шықты, ол бұзылып кеткен екен». «Мырза, мен кінәлі емеспін» деп саудагер жай ғана жауап берді. «Осы аптада мен сізге күнде келіп, күніне екі рет балық ұсындым және егер сіз уақытты созсаңыз, ол әрине бұзылады, бұзылмай тұрғанда сатып алу керек еді, бұл сіздің кінәңіз».

Бұл туралы ойланыңыз. Сіздің алдыңызда тек «бүгін» мен «қазір» бар: «күні бойы» деп аталатын мәңгілік бар, ол тоңазытқыштан шығарылды, қыздырылды және сіздің пайдалануыңыз үшін дайын, тек оны ысырап етпеңіз және бұзылуына жол бермеңіз. Сіз бұл күнді ертең де, келесі күні де өмір сүре алмайсыз, сіз оны бүгін ғана өмір сүре аласыз.

Сіз қай күнмен өмір сүрейін деп жатырсыз? Сіз ешқашан болмайтын бақытты уақытты асыға күтесіз бе? Сіз балық бұзылғанша күтесіз бе? Сіз бұл күнді нашар өткізесіз бе, әлде сіз: «Бұл Құдайдың баға жетпес сыйы – бүгінгі күн» деп айтасыз ба? Ал мен, балықты бүгін сатып аламын. Мен бұл күнді мүмкіндігінше толыққанды өмір сүремін. Мұндай сыйлықтан бас тартуға ешкімнің құқығы жоқ. Оны жылы жүрекпен, ашық оймен және ризашылықпен қабылдау керек.

Бұл күн, дәл осы күн – сіздің өміріңіздегі ең қымбат сыйлық және оның бұзылуына жол бермеңіз. Оны апатия, жеңіліс және жалғыздық сезімдерімен толтырмаңыз, керісінше өзіңіздегі ынта-жігерді (энтузиазмды) оятыңыз. Бұл күн сәттілікке, бақытқа, махаббатқа және қуанышқа толы болады деген ойды қабылдаңыз. Мұның бәрі тек «бүгін» – дер мен «қазір» – лер кезінде ғана бола алады. Бүгіннің босқа кетуіне жол бермеңіз: шынайы әлемге шығып, осы күні сәттілік, бақыт, махаббат пен қуаныш іздеңіз және табыңыз. Мұның бәрі бүгіннен басталуы керек. Себебі бүгінгі күнді ертең өмір сүре алмайсыз және бұл мүмкіндік енді қайталанбайды.

1 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 34
Перейти на страницу:
0
Сюжет
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Атмосфера
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Главный герой
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Общее впечатление
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
Итоговая оценка: 0.0 из 10 (голосов: 0 / История оценок)