Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #3
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93740-6
- Жанр: Маркетинг и реклама
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім». Краткое содержание книги:
Есіңізде болсын: қорқыныш, үрей мен алаңдаушылық болашаққа байланысты, ал уайым мен мазасыздық өткенге байланысты, ал осының барлығы қазіргі уақытта, қазіргі сәтте сіздің миыңызда орын алып жатады.
Сіздің өміріңіздегі барлық нәрсе дұрыс болмады деген ойлардан бас тартыңыз, егер сіз өткенге байланысты көп мазасыздық сезінетін болсаңыз, жүзуді үйренген қосымша құралдарсыз жүзе алатындығын түсінген кезде олардан бас тартқандай, уайымдаудан бас тартыңыз, өткеннің мазасыздығын жеңіп, уайымдауды тоқтатын уақыт келді. Егер сіз бір кездері жүзуді үйренген болсаңыз, онда сіз алдымен суға бата жаздағаныңызды ұмытпаңыз. Сіз көп күш салдыңыз, нәтиже бермеді, содан кейін кенеттен сіз өзіңізге таңғалып, ішіңізде жарық сәуле пайда болды, бірінші метрлерді жүзіп өттіңіз. Әсіресе балалар «Мен түсіндім!» – деп айқайлайды. «Мен жүзе аламын!». Бұл тек жүзуді үйрену ғана емес, мысалы велосипед, мотоцикл т.б. мыңдаған мысалдарды келтіруге болады. Бұл өмірде білесіз, бәрін үйрену керек, үйренбей ештеңе сізге бағынбайды. Сол себепті сізге психоэмоционалдық релаксация техникасын үйрену және дамыту қажет. «Мен түсіндім» дейсіз сіз – «Мен күйзеліссіз өмір теңізінде жүзе аламын». Сіз өзіңізді немесе өзгені уайымдап жүргенде, сіз өмір суына тұншығып батып бара жатасыз. Бірақ егер сіз уайымды жеңілдете алсаңыз, мазасызданусыз бір күн болса да өмір сүре алсаңыз, онда бұл сіздің жаттығуыңыздың бастауы болады. Сіз өмір теңізінде алаңсыз жүзуді үйренесіз және сіздің өміріңіздің әлдеқайда жақсарғанына көз жеткізесіз.
Жағымпаздық немесе шын мақтау
Сіз жағымпазданасыз ба? Біздің көпшілігіміз достарымызды мақтау сөздерімен марапаттағанды ұнатамыз, бірақ жағымпаздану мен шын мақтау арасында чёткий шекара бар. Басқа адамдар туралы шын жүректен жағымды сөздер айту – бұл біздің өмірімізді толығымен құлпыртатын жақсы әдет. Бірақ әдеттегідей, мысалы, ақша жағдайында, шындық және адалдықпен қатар, өтірік және арамдық та пайда болады және де біздің тақырыбымыздағы жағымпаздық – мақтаудың, комплимент айтудың өтірік, жалған түрі.
Жағымпазданудың көптеген дәрежелері бар, сондай-ақ жағымпаздыққа итермелейтін мотивтерде (себеп) көп. Кейде бұл өзін-өзі алдаудан басқа ештеңе емес, мысалы бір студент сияқты, мұғалімге бірнеше мақтау, комплимент айтып қажырлы еңбек пен адал оқуды алмастырады деп үміттенеді, бұл жерде мәселе ақша тығу немесе диплом сатып алу жайлы емес. Ең оңай және жеңіл жолы – жағымпаздану. Кейде біз жалғандық атты жағымпаздық атмосферасына тап боламыз, мұнда бәрі бір-бірін өтірік мақтаумен жарысады, шынайылық та, сын да жоқ, тек жағымпаздану. Мейірімділікке үміттеніп біреуге жағымпаздану, болашақта пайдасы тиеді немесе көмектеседі деп біреуге жағымпаздану – өте ауыр және лайықсыз жұмыс, шынайы, шын жүректен мақтауға, шын комплимент айтуға қарағанда әлдеқайда қиын жұмыс.
Көріп жүрсіздер ғой, мақтау естігісі келетіндер танылу үшін жұмыс істейді және жағымпаздарды күтіп отырады, ал жағымпаздар жұмыс істемейді, олар тек жағымпаздықпен айналысады, бірақ бұл жұмыстың ең қиыны… және арамы.
Негізінде, мақтану немесе мақтау сөз естігісі келу есірткіге өте ұқсас: біреулерден мақтау сөздерді күтуді бастайсыз, олардың көбісі өтірік мақтайтындар және жағымпаздар, сізге мақтану процессі кайф алып келеді, ақыры тоқтату қиынға соғатынын түсінесіз. Әрине шынайы, шын жүректен мақтайтындар, комплимент айтатындар бар, бірақ бұл сіздің миыңыз үшін жай ішкі, көңіл бостығының орнын толтыру ғана. Мақтанудың дозасын жоғарылату – жағымды әсердің азаюына алып келеді және бұндай өмірдің жалпы нәтижесі толығымен теріс болып шығады.
Жағымпаздануға оралсақ, олар өзінің еңбегімен емес, жағымпаздықпен өмір сүретін адамдар, олар қауіпті жағдайда. Мұндай адамдар түсінуі керек, әлі уақыт барында, соған жұмсалған уақыт пен күш-қуатты, лайықты, асыл мақсатқа жетуге бағыттау керек және адал жолды таңдау керек, сонда ондай адамдар қалағанына тезірек және қауіпсіз жеткізеді. Ең қауіпті жағымпаздық – біреудің басын айналдыру, шатастыру мақсатымен қолданылатын жағымпаздық.
Мақтану адамның батылдығын, шешім қабылдай алу қабілетін әлсіретеді, ол өзін абыройлы қыламын деп абыройсыз етеді. Ол мұны ақылға қонымды және өзіне лайықты жұмыс деп санайды. Ол мұны жасай берген сайын ләззат алады және соның салдарынан, ол өзін ақиқат принциптерін бұзуға мәжбүрлейді.
Бұл Забурда да айтылған, онда былай делінген: «Олардың тілдері мақтаншақ, жүректері екіжүзді». Мұндай мақтаншақтықпен, екіжүзділікпен біз конструктивті өмір сүру (шығармашылық өмір салтын қалыптастыру) мен дұрыс ойлауға қол жеткізе алмаймыз. Мақтаншақтарға ешқашан сенуге болмайды. Мақтаншақтықпен достық болмайды, себебі бұл өзін-өзі тым қатты жақсы көру, бұл адам үшін рухани қарым-қатынас проблемаларын туғызады.