Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #3
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93740-6
- Жанр: Маркетинг и реклама
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім». Краткое содержание книги:
Бірақ ереже солай, тұлғалық жетілдіру мен бизнестегі сәттілік әрқашан біздің қиялымыздағы имиджіміздің суретімен байланысты. Күйзеліс, ауру және кедейлік (т.б.) – бұл біздің сана механизмімізде бір нәрсе бұзылғанының белгілері. Біз кедейлік немесе ауру бейнелерін сыртқы факторлар әсерінен қалыптастырамыз, бұл кедейлік пен ауру туралы ойлар қиялдың күшіне айналып, оларды бейсана нақты өмірге енгізгенге дейін ақылымызда ұстап тұрады және біз ол ойлар мен бейнелерден арыла алмай жүреміз. Бір сөзбен айтқанда, қалай адам өзін кедей немесе ауру қылатынының психологиялық дәлелі.
Кез-келген жаман оймен күресудің ең жақсы уақыты – бұл сіздің ойыңызда оның пайда болған сәті. Бұл кезде қарсыластың (жаман ой, бейне) ең әлсіз болатын уақыты. Бірақ ол пайда болғаннан кейін онымен күресуден гөрі, оның бейсанаға енуіне жол бермеу керек. (Бұны қалай жасау керек туралы толығырақ сіз бірінші және екінші кітаптардан оқи аласыз). Ойлардың қырағы күзетшісі болыңыз, қиялдың сарайына тек шығармашылық пайдалы сипаттағы ойларды жіберу керек.
Өз ойларыңызды жазу арқылы «БАҚЫЛАУ жаттығуы» өте маңызды, сіз сол арқылы ақылыңызды қорғауды, басқаруды үйренесіз. Әрбір ойдың біздің мінезімізге және істерімізге қатысы бар, сондықтан олардың әрқайсысын жазу арқылы сіз өзіңізді өзіңіз тани бастайсыз, есіңізде болсын: әрбір ой, ол ішкі сөз, сол себепті ойды сөзге айналдырып жазу қиын емес және ең бастысы қандай жаман ой, сөз болмасын өзіңізден шошымаңыз, себебі сіз одан жоғары көтерілуіңіз керек.
Тағдырды өзгертудің жалғыз жолы – әдеттегі ой тәртібін өзгерту. Сіз не туралы жиі ойлайсыз? Біз ойланған уақытта, үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Біздің ойларымыз бен сөздеріміз біз өмір сүретін әлемге шығармашылық немесе деструктивті түрде әсер ете алатындығын үнемі есте ұстауымыз керек. Сіз үнемі: «Мен бұдан әрі шыдай алмаймын, Мен ауырып тұрмын, Маған ақша жетпейді, Мен қатты шаршадым» деп қайталайсыз ба? Демек, сіз осылайша өзіңіздің күшіңізден, денсаулығыңыз бен өркендеуіңізден бас тартасыз. Сізге тиесілі болып тұрған бақыттан сананың шалалығының кесірінен бас тартпаңыз.
Қызғану, ашулану, тарылу, екіжүзді болу, тәкаппарлану (т.б.) және мұң мен қайғы, қорқыныш басқан ойлар мен эмоциялар сіздің тәніңізге бұзылу мен ауру арқылы жауап беруге мәжбүр етеді.
Қиял құралдарын ақылмен қолданыңыз және өзіңізге: «Мен өмірдің әрбір қиындығына шыдай аламын, Мен ешқандай аурудан қорықпаймын, Менің ақшам әрқашан жеткілікті, Мен шаршамаймын және Менің шексіз күш-қуатым бар, Мен барлық адамдармен және өзіммен жақсы және дұрыс қарым-қатынастамын» деп айтыңыз. Сіз денсаулыққа, бақытқа және өркендеуге жол ашасыз. Егер сіз ашық және мейірімді адам болсаңыз, егер сіз жақын адамдарыңызға адал және қамқор болсаңыз, онда сіз көп ұзамай «Ізгілік Патшалығында» екеніңізді білесіз. Әрбір жасаған жақсылықты (өзіңізге, өзгеге) – өмір сізге жүз есе етіп қайтарып береді.
Мен бе әлде Біз бе?
Алфавит әріптерінің салмағы туралы ойландыңыз ба? Сіз әріптердің салмағы бар екенін білесіз бе? Мысалы, «мен» кіші әрпімен салыстырғанда, «Мен» бас әрпінің салмағы қандай? Бірінші жағдайда адам өзіне сенімсіз сөйлеп тұр, екінші жағдайда адам өзіне тым қатты сенімді сөйлеп тұр. Кейде салмақ айырмашылығы жер және аспанның айырмашылығы сияқты. Сізге мысалдар: танымал жұлдыздың «Мен» – і мен ешкім танымайтын, қарапайым, мусор теріп жүрген адамның «мен» – і бірдей емес. Сол сияқты бай мен кедейдің, сау адам мен ауру адамның т.б.
Сіз мұны байқадыңыз ба білмеймін, бірақ барлық еуропалық тілдердің ішінде тек ағылшын тілінде ғана, сөйлемнің ортасында «Мен» бас әріппен жазылады. Олар сөйлегенде «Мен» сөзіне көп салмақ салады. Кейде біз де осы сөзге өмірімізде шамадан тыс салмақ береміз, алайда бұл біздің дұрыс өмір сүруімізге кедергі келтіреді.
Біздің «Мен» салмағы көбінесе ақылды кеңейтудің орнына көкжиегімізді шектейді. Сіз менің не айтқым келіп тұрғанын түсінесіз деп ойлаймын.
Біреу мейрамханада отырып, алдымен шағымданып алады, сосын ашумен ескертіп, ұрсады: «Мен әбден шаршадым. Мен екі сағат бойы дүкен араладым. Бұл официант қайда құрып кетті? Әйтпесе Мен басқа жерге барып тамақтанамын». Менің ойым: официант екі сағаттан да астам уақыт бойы аяғымен жұмыс істеп жүр, бәлкім ашуланбай, ұрыспай, сәл түсіністік танытып, күте тұру керек шығар. Егер келушілер официанттан былай деп сұраса: «Сіз бір уақытта осынша көп столиктармен қалай жұмыс жасайсыз және тіпті осындай қолайсыз ауа-райында?»
Сіз біреудің «Мен» салмағы, біздікінен үлкен болған кезде, біз қалай қарсылық білдіре бастайтынымызды байқадыңыз ба?