Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #3
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93740-6
- Жанр: Маркетинг и реклама
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім». Краткое содержание книги:
Бір әйел күйеуіне «Мен» салмағы үшін ашуланып қалыпты: «Бүгін таңертең чё та иығым ауырып кетті». Күйеуі оған: «Менің қолым сенікінен де жаман ауырып тұр». Ешкім бір жері ауырған кезде, басқа біреудің одан да қатты бір жері ауырып тұрғанын ұнатпайды екен, себебі біздің «Мен» өте ауыр. Сіз біреуден мені біреу аяса екен деп күтіп тұрсаңыз, ол оны керісінше сізден күтіп тұрады.
Ұстаз уақытша еркіндікке шығуға шешім қабылдаған Інжілде эпизод бар. Оның «Мен» -і тиыштық пен жалғыздықты талап етсе де, адамдар бұған қарсы болған. Бес мыңға жуық адам жиналды, арттағылар оны көруге ұмтылды. Ол қаншалықты көңілі қалған болса керек! Ол бұл жерге бейбітшілік пен тыныштық үшін келдім деп айтуына болар еді. Бірақ ол олай айтқан жоқ. Ол өзінің жайлылығы мен жеке өмірі туралы ойламады. Ол: «Олардың бәрін отырғызыңдар» деді. Ол: «Енді Мен не, осы толпаның ортасында боламын ба?» деген жоқ, ол айтты: «Олардың бәрін отырғызыңдар» деді, сосын бәрін тамақтандырды.
Ұлы тұлғаға тән ерекшелік – берілгенге мойынсұну. Бірақ жағымпаздық туралы айтпаймын. Олардың арасында ондайлар бәлкім болса да. Мен басқа нәрсе туралы айтып отырмын. Сіз «Мен» салмағының «Біз» салмағына теңестірілгенін білуіңіз керек, және «Мен», «Біз» – ді басып кетпеуі керек. Өмір бойы алға ұмтыла отырып, «Мен» – ді бірінші орынға қоюға қанша уақыт жұмсайтыңызды білуге тырысыңыз. Осыдан кейін сіз көп достар тапқаныңызды байқайтын боласыз, өйткені сіз «Мен» мен «Біз» -дің салмағын теңестіре алдыңыз.
Жағымсыз эмоциялар мен күйзеліс
Сіз жиі мазасызданасыз ба? Уайымдайсыз ба? Қорқасыз ба? Үрейленесіз бе? Бұлардың барлығын бір сөзбен айтқанда күйзеліс дейді немесе жағымсыз эмоциялар дейді. Маған бір адам туралы әңгіме ұнайды, ол үнемі мазасыздықтан уайымдай беремін деп психиатрға жүгінген. Гипноздың көмегімен психиатр осы адамның жадынан оның барлық уайымдарын алып тастай алды және ол емделіп, өте бақытты болып үйіне қайтты. Келесі күні ол қайтадан дәрігерге келіп, қатты ренжіді. «Дәрігер, дәрігер, мен қатты қорқамын» деді ол. «Сізді не қорқытуы мүмкін?» деп тамсанды дәрігер. «Дәрігер, кеше мені не мазалағаны есімде жоқ, содан қорқамын» деп жауап берген екен. Мазасыздық пен уайым бәрібір жабысып қалған.
Менің ойымша, біздің көпшілігіміз осындаймыз. Біз осындай ессіз және қарбалас әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бізде көптеген аурулар, жағымсыз эмоциялардан туады, кейбіреулерін мойындауға дайынбыз, ал кейбіреулерін тіпті өзімізден жасырғымыз келеді. Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс мидың тонусын төмендетеді және аурулар мен өмірлік проблемаларға қарсы тұра білу қабілетін жояды. Олар адамды білдірмей өлтіреді. Бұл туралы қателеспеңіз: Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс – бұл нағыз киллерлер. Онда біз неге олардан сақтанбаймыз? Олардан сақтанудың қарапайым жолы – оларға уақыт құртпау.
Сіз қарсылық білдіріп бұл туралы ештеңе істей алмайтыныңызды айтуыңыз мүмкін. Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс әдетке айналды, ал ұзақ қалыптасқан әдетті бірнеше минутта жеңуге болмайды. Бұл дұрыс. Мен мұндай дәлелді, аргументтерді қабылдауға дайынмын. Бірақ егер жағымсыз эмоциялар мен күйзелісті тоқтатқыңыз келсе, онда сіз бір кездері бастауыңыз керек, солай емес пе? Егер сізге бастау керек болса, онда неге қазір емес? Егер сіздің күйзелісіңізді екі минутта жеңу мүмкін болмаса да, сіз бастауыңыз керек, ал қазіргі уақыт басқа уақыттан гөрі жақсырақ. Бұл күні ештеңеге алаңдамайтындығыңызға сенімді болуға тырысыңыз. Егер сіз белгілі бір болашақтағы оқиғаға алаңдасаңыз, қорықсаңыз түсінуге тырысыңыз, бұл не болуы мүмкін не болмауы мүмкін. Бұл өте қарапайым өмір, және сіздің алаңдауыңызға, қорқуыңызға ешқандай себеп жоқ. Сіз себептерді өзіңіз іздеп таптыңыз және соны жалғастыра беретін болсаңыз, бұл сіздің өміріңізге тек теріс әсер етеді және сіз ешқандай дұрыс шешім қабылдай алмайсыз. Егер сіз қорқынышты жеңгіңіз келсе, онда ойыңызды өзгертіңіз: мысалы сіз бір жағдайды күтесіз, бірақ сіз ойлағандай болмай шығады. Яғни, алаңдау мен қорқыныш деген не – ол бір жамандықты күту. Сол күту сезімін тудыратын себептерді санадан жою керек және ол себептерге бұдан былай жоламау керек. Мысалы сіз қорқынышты кино көріп, батыл боламын, осылайша қорқынышымды жеңемін деп ойламай-ақ қойыңыз. Қорқыныш сіздің рухани ресурстарыңызға соншалықты негативті әсер етеді, сіз осылайша өз өміріңізді бүлдіресіз. Бірақ егер сіз жағымсыз эмоциялар мен күйзелісті толықтай жоя алсаңыз, ең жаман жағдай орын алса да, сіз байқайсыз, сізде күш пен батылдық жеткілікті деңгейде пайда болады. Сіз кез-келген жағымсыз эмоциялармен бетпе-бет кездесе аласыз және проблеманы ішкі келіссөздермен шеше аласыз. Екі жақты ішкі диалог – біреуі жағымсыз эмоция, екіншісі сол эмоцияны жеңгісі келетін ниет, қалау, талпыныс.