Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #3
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93740-6
- Жанр: Маркетинг и реклама
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім». Краткое содержание книги:
Сіз қазір ойлап отырған шығарсыз: «Иә, адамдар арасындағы жек көрушілікті, кедейлікті, қорқыныш пен күмәнді, біздің тоқыраған әлемді желмен қуып шығарса жақсы болар еді. Бірақ мен жалғызбын – мен не істей аламын?». Сіз жалғыз емессіз. Көптеген адамдар сіз сияқты сезінеді. Ақылымызды біріктіру арқылы, біз аралар сияқты күш-жігерін біріктіре алатын керемет күшке айналамыз.
Сондықтан, өзіңіздің дәрменсіздігіңіз туралы ойламаңыз. Сіз сияқты қанша адам ойлайтынын елестетіп көріңізші, дәл қазір сіздің күш-жігеріңізді олардың күшімен біріктіруді шешіңіз. Біз өз әлемімізді қорқыныштан, күмәнданудан, ұнатпаудан, қорқақтықтан және барлық теріс ойлардан желдетуіміз керек. Оның орнына біз махаббат, жарық, бақыт пен білімнің қуанышын біздің әлемге жібереміз.
Біздің әрқайсымыз Жаратушыны дәріптейтін періштелердің қанаттарына қанаттарымызды қосуға болады және біз бірге, әлемді тазартатын және жақсылық жасай алатын ұлы күшпіз!
Шынайы сезіне білу
Сіз соғыс тудырған бір адамның құлағы туралы білесіз бе?
Біртүрлі, бірақ шындық. Адамның бір құлағы ұлттар арасында үлкен соғыс тудыруы мүмкін уақыт болған. Құлақ, ағылшын теңіз капитаны Дженкинске тиесілі болды. Испандар Дженкинс адал емес деп шешті. Шындығында, олар оны пират деп санады, ал ол, олардың қолына түскенде, олар жай ғана құлағын кесіп алды. Әділетсіздікке ашуланған Дженкинс Англияға қайтып келіп, монархқа шағымданады. Ол кезде британдықтар испандықтармен соғысу үшін сылтауды күтіп отырған еді, сондықтан бұл оқиғаны «Война из-за уха Дженкинса» деп аталатын үлкен соғыс жариялау үшін қолданды. Егер сенбесеңіз, интернеттен оқып, өзіңіз қараңыз. Бір кездері шынымен де Англия мен Испания арасында «Война из-за уха Дженкинса» деп аталатын соғыс болған.
Менің сұрағым келгені: бүгін сіздің құлағыңыз үшін соғыс басталмай ма? Сізді құлағыңыз соғысқа қаншалықты жиі тартты? Көрдіңіз бе, сезгіш құлақ – сезімтал мүше. Ол тек біреудің дауыс тербелісін қабылдап қана қоймайды, сонымен қатар сезім реңктерін қабылдайды: күйзеліс, ашу, күмән, қуаныш, махаббат және сөз артында жатқанның бәрін. Сезгіш құлақ көптеген соғыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Бүгін далаға шыққанда өзіңізден: «Менің құлағым қаншалықты сезгіш?» деп сұраңыз. Егер біреу сізді кездестірсе және сөйлесуді үзсе: «Менің өз шаруаларым толып жатқанда, сен де миымды ашытып жібердің ғой, кетші бар!» десе. Сіз ашуды, ренішті, өшпенділікті, шағымды естисіз бе? Немесе басқа бір адам сізге нормально сөйлеп тұрады, бірақ оның ішкі жан дүниесі: «Менің жанымда шөгір бар. Оны қалай шығаруды білмеймін. Мен бұл туралы айтқым келмейді, себебі мен ұяламын. Менің іштей қиналғанымды жеңуге көмектесіңізші.» Сіз мұны естисіз бе, адамның жан дүниесін, әлде сіздің құлағыңыздың ондай қабілеті жоқ па, мүмкін сізге сөзбен атысқан ұнайтын шығар. Сізге соғыс жариялап жатса? Ал сіз үндемей кете бересіз бе? Жарияланбаған соғыс өте сирек кездесетін құбылыс, ал үнсіздік бұл өнер, әсіресе сізге жаман сөздер айтылып жатса. Немесе айталық, көшеде біреу сізге: «Неге жолдан былай тұрмайсың, жай жүрмейсің ба, дәусің ба не?» десе. Сіз оның ашуланып тұрғанын сезінесіз. Осы сәтте сізде өшпенділік өршіп тұра ма? Немесе сіз бұл сөздердің артында терең жасырынған депрессияны немесе жалғыздықты сезе аласыз ба? Сіз бұл сөздердің артында жараланған, қорланған жанды көресіз бе? Осы сөздерді естігеннен кейін сіздің құлағыңыз соғыс жарияламауға дайын ба?
Егер сіз (бұл сөздің жоғарғы мағынасында) Жаратушыға және басқа адамдарға қызмет етпек болсаңыз, онда сіз басқа адамдардың сөздерін мұқият тыңдап, олардың ішін шынайы сезіне білуіңіз керек, олардың жан дүниесін түсінуіңіз керек. Осылайша сіз айналаңыздағы әлемге бейбітшілік пен келісім орнатасыз және «Дженкинстің құлағы үшін соғысқа» себеп болмайсыз.