Бесплатная библиотека
Читайте книгу на сайте или телефоне
READ-E-BOOK » Маркетинг и реклама » Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім - Читать Любимую Русскую Полную Книгу 👉 Read-E-Book.com

Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім

Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім». Краткое содержание книги:

Күнделікті газеттер беттерінен (менің ойымша газет оқитындар әлі бар), кинотеатрлар мен теледидар экранынан, кітаптар мен көшедегі жарнамадан, интернеттен, әлеуметтік желілерден біз басқа адамдардың дауыстарын естиміз, олар бізге не ойлау керектігін айтады, бізге қалай өмір сүру керектігін және неге сену керектігін түсіндіреді. Cол себепті бәріміз попугайға айналдық. Мен жазған идеяларды оқыңыз және олардың пайдасын өз тәжірибеңізде сынап көріңіз. Идеяларды аямай сынаңыз. Себебі мен сіздердің попугай болғандарыңызды қаламаймын!
1 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 34
Перейти на страницу:

Көптеген адамдар, әсіресе шіркеулерде, мешіттерде көп уақыт пен ақшаны ұйымдастырылған қайырымдылыққа жұмсайды, ақшаны кесте бойынша береді немесе жинайды, осылайша олар іштей өздігінен пайда болатын махаббат пен жақсылық әрекетіне мүмкіндік береді.

Сіз не істесеңіз де, оны құлшыныспен, ұқыптылықпен және сүйіспеншілікпен жасаңыз – тіпті күміс ыдыстарды жылтыратсаңыз да. Күмісіңізді патшаларға сай етіп жылтыратыңыз. Күнделікті жұмысыңызды қуанышпен, көңіл толумен және ризашылықпен жасаңыз.

Сыйлық бергенде оны махаббатпен беріңіз. Дұға еткенде мағынасы әлдеқашан жоғалған сөздерді қолданбаңыз. Шын жүректен және құлшыныспен дұға етіңіз. Сіздің дұғаларыңыз өмір мен динамизмге (әрекетпен дәлелдеу) толы болуы керек. Бұл сіздің бір бөлшегіңіз болуы керек.

Біз өзімізден тыс бар ақиқатқа оралмайынша, біз болмысымыздың шұңқырынан ешқашан шықпаймыз. Менің ойымша, бүгінгі біздің әлемді шарлаған үмітсіздік сезімі біздің әлсіздігіміз бен өмірімізден «құтылу» үшін пайда болған тұманға ұқсайды.

Сіз «құтылғым келеді» деп өмір сүресіз бе, әлде ішкі қуаныш пен бақытқа толы өмірді сүресіз бе – бұл сізге ғана байланысты. Сіз өзіңіздің таңдауыңызды жасап көріп, өміріңіздің болашағында не болатынын нақты анықтауыңыз керек.

Жеңіс пен жеңіліс арасы

Сіз микрометрді бір рет болса да көргеніңізге сенімдімін. Бұл өте қарапайым құралдың өте әуезді атауы. Микрометр – дюймнің (2,54 см) мыңнан бір бөлігін, дәлдікпен, өте аз қашықтықты өлшей алатын құрылғы. Микрометрді алғаш көргенде мен өзіме сұрақ қойдым: «Неліктен жер бетінде мұндай кішкентай қашықтықты өлшеу керек?» Бірақ содан кейін мен құлаған ғимарат туралы оқыдым, онда көптеген адамдар қаза тауып, жүздеген мың доллар шығын шығарылған. Қайғылы оқиғаны тергеу, оның дюймнің мыңнан бір бөлігінің есептік қателігінен болғанын анықтады. Температураның ауытқуы мен дюймнің мыңнан бір бөлігінің қателігі нәтижесінде ғимарат құлап, көптеген адамдар қаза тапты.

Мұндай өте тар шекара, тұрақтылық пен апат арасындағы шағын қашықтық! Мен ойлаймын, бұл біздің өмірімізге қалай ұқсайды. Кейде жеңіс пен жеңіліс арасында өте тар шекара бар. Біз барлығымыз өз мақсатымызға жету үшін жылдар бойы жұмыс істеген адамдар туралы білеміз, олар мақсатқа жетуге жақын қалғанда, олар сенімінен, үмітінен, күшінен айырылып, бәрін тоқтатады, «Мен жеңілдім» дейді.

Генри бұл ойларды әдемі түсіндіретін керемет өлең жазған:

Жеңіліс пен жеңістің арасы соншалық кішкентай, адамдар оны қалай қабылдауын өкінішке орай білмейді-ай…

Бас тарту – жеңіліске ұшырауды білдірмейді. Жеңіліс пен жеңіс арасында тек бір ғана қадам бар, тек біздің табандылығымыз мыңыншы дюймнің арасынан оңай және жеңіл өтіп кетуге мүмкіндік береді. Тағы бір әрекет – айқын жеңіліс нағыз сәттілікке айналады.

Иә, бауырластар, микрометр дюймнің мыңнан бір бөлігінің қашықтықтарын өлшейді, мүмкін сіз дәл осы сәтте мың дюймнің ең үлкен табысына жететін шығарсыз. Ол үшін тағы көп ізденіс пен еңбек қажет. Жеңіс пен Жеңіліс арасы Екінті мен Ақшамның арасындай.

Қадамдармен өлшенген өмір

Анар (гранат) – менің сүйікті жемістерімнің бірі. Оны басқаша «үнді алмасы» деп атайды. Менің бала кезімдегі сүйікті ісімнің бірі – азық-түлік дүкеніне барып, анар сатып алу, оны өте пайдалы деп санайтынмын.

Бұл керемет жемістің бір қызықты ерекшелігі бар. Дәндері дәмді, шырынды және тәтті болғанымен, олардың дәмі өте ащы, жұқа сары еті бар шағын кластерлерге бөлінеді. Егер сіз анарды тістеуге тырыссаңыз, сіз рахаттың орнына ащының бір бөлігін аласыз.

Алайда, егер сіз өзіңіздің анарыңызды бір дәннен жесеңіз, бұл нағыз деликатес. Бұл өмірде дәл солай. Сіз өмірді бір серпіліспен өмір сүре алмайсыз – сіз оны күн сайын өмір сүре аласыз. Егер сіз бір жеріңізді тіліп алсаңыз, тілінген жер бір секундта емделмейді. Сіздің қалпына келуіңіз сіз өзіңізді тіліп алған сәттен басталады және күн сайын, минут сайын жалғасады. Сіз бірден білім ала алмайсыз – бір оқу күнінен кейін екінші оқу күні.

Бір күнде жақын адамынан айырылуды жеңу мүмкін емес. Жоғалтуды жеңу – ұзақ мерзімді процесс, және егер сіз күн сайын жаңаша өмір сүруді үйренсеңіз, сіз жоғалтудан аман қаласыз және жаңа өмір бастайсыз.

Сондықтан қарапайым ақиқат – өмірді бір сәтте өмір сүру мүмкін емес. Сіз күн сайын өмір сүресіз, бұл сізге өмірді құруда шыдамдылық пен еңбекқорлықтың қажет екенін білдіреді. Егер сіздің қолыңыз сынған болса, бүгін оны аздап қозғалтуға тырысыңыз. Егер сіз ауырып қалсаңыз, бүгін өзіңізді сәл жақсы сезінуге тырысыңыз. Өзіңізге айтыңыз, бұл күні сіз сәл алға жылжыдыңыз, және бірте-бірте сіздің өміріңізде қалағанның бәрі орындалады және ешқашан аяқталмайды (қайта тірілу).

1 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 34
Перейти на страницу:
0
Сюжет
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Атмосфера
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Главный герой
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Общее впечатление
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
Итоговая оценка: 0.0 из 10 (голосов: 0 / История оценок)