Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
НЕҒҰРЛЫМ КӨП БЕРСЕҢІЗ, СОҒҰРЛЫМ КӨП АЛАСЫЗ
Бұл идея негізі ақшаға ғана қатысты емес, уақыт пен еңбек т.б. қатысы бар. Неғұрлым көп уақыт жұмсасаңыз, еңбект етсеңіз, соғұрлым көп болып қайтады. Мұнда айтылған қағидаларды іс жүзінде қолдана отырып, сіз өзіңізге көмектесіп қана қоймай, басқаларды өзіңіздің үлгімен шабыттандырып, толық өмір сүруге мүмкіндік бересіз. Сіздің жалпы əл-ауқатқа қосқан үлесіңіз, яғни уақытыңызды, қабілетіңізді немесе қаражатыңызды бөлісуге дайын болуыңыз жеке əл-ауқатқа жетуде шешуші рөл атқарады. Неғұрлым көп берсеңіз, соғұрлым көп аласыз. Егер сіздің ойыңыз қорқынышқа негізделген болса, онда сіз беруден қорқасыз. Бірақ бұл жағдайда сіз ешқашан ештеңе алмайсыз. Сондықтан сіз қалаған нəрсені беруіңіз керек. Дəл осылай: қалаған нəрсені беріңіз. Егер сіз ақша алғыңыз келсе, ақшанмен бөлісіңіз. Егер сіз сүйікті болғыңыз келсе, өзіңізді жақсы көріңіз. Егер сіз тануға тырыссаңыз, басқалардың еңбегін, кітап білімін мойындаңыз. Басқаларға өзіңізге жетіспейтін нəрсені беріңіз. Сонымен қатар, сізде бар нəрсені бөлісу керек. Сіз өзіңіздің жақсылықтарыңызды байқаған жəне мойындаған сайын, өзіңіздің əл-ауқатыңыз туралы ой сіздің бейсанаңызда күшейтіледі. Молшылық туралы неғұрлым көп ойлар болса, соғұрлым ол сіздің өміріңізде болады.
АЛҒЫС АЙТУ КҮШІ
Күші көбірек алғыс айтқан сайын көбірек ақша табасыз! Тек қалаған нəрсесін нақты, анық түсінетін адам ғана одан да көп нəрсеге ие бола алады. Өз байлығын білмейтіндер, үлкен нəрсеге ие болу үшін «табу» керек деп ойлайды. Мұндай адамдардың өмірі олардың ой шектеуін ғана көрсетеді. Демек, олардың кедей болуының себебі осы. Сізге ештеңе табудың қажеті жоқ екенін түсіну өте маңызды. Сіз тек болуыңыз керек. Болу немесе ішкі болмыс сіздің өміріңізді жасайды. Ал «табу» туралы ойлар қорқыныштан жəне сыртқы факторлардан (орта, айналадығы замандастардан) туындайды. Əрқашан өзіңізде бар нəрсені қабылдаңыз. Əрқашан қазір бар нəрседен бастаңыз. Өзгелермен салыстырғанда қаншалықты аз көрінсе де, бүгінгі игіліктеріңізді бағалаңыз. Шағымданудың орнына, оны бағалаңыз.
Бір адам айтқандай, «Мен аяқ-қолы жоқ адамды кездестірмейінше етігім жоқ деп қиналатынмын».
Бұл байлықтың ең үлкен құпияларының бірі. Алғыс айтуды, риза болуды үйреніңіз. Қазірдің өзінде сізде болмыс деңгейінде бәрі бар – біліміңіз бен қабілетіңіз, шексіз мүмкіндіктер бар.
БҮКІЛӘЛЕМДІК БАНК
Сіз бүкіләлемдік банк сияқты құбылыстың бар екенін білуіңіз керек. Бар байлығыңыздың жартысын беріп, лезде пайда тауып, сіз бүкілəлемдік банкке үлес қосқаныңызды жəне өз уақытыңызда бəрін пайызбен қайтарып алғаныңызды елестетіп көріңіз. Сіз берген барлық нəрсе, сізге міндетті түрде оралады. Бұл себеп-салдар заңы жəне ол өзгермейді. Жалпы қателік жасамаңыз, сіздің пайдаңыз сізге қашан жəне қандай жолмен оралатынын алдын-ала шешуге тырыспаңыз, егер сіз оларды əмбебап банкке салсаңыз, онда сіз өз пайдаңызды міндетті түрде аласыз. Кейде молшылық бізді бірден сиқырлы таяқшаның айла-шарғысы сияқты ұрады. Əдетте, пайда күтпеген жерден келеді. Есіңізде болсын, олар жақын жерде жəне сізге міндетті түрде оралады. Сіз бұған күнде таңертең күн шығатынына қалай сенсеңіз солай сенімді бола аласыз.
АЙНАЛЫМ ЗАҢЫ
Цикл Заңы туралы сөйлесейік. Табиғатқа қарау жеткілікті, жəне оның көрінісі туралы көптеген мысалдар бар. Соның бірі: егер су тек келсе, ол тоқырай (застой) бастайды, нəтижесінде тоған өмірге жарамсыз болады. Егер су тек азайса, тоған көп ұзамай құрғап, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне жағдай жасай алмайды. Бірақ су, бір уақытта ағып жатқанда, тоған əрдайым таза жəне мөлдір болып қалады, өмір сүруге өте ыңғайлы, Бұл мысалдағы келу, кету алыс- беріс сияқты. Біздің өміріміз, соның ішінде қаржылық өміріміз табиғат заңдары бойынша ұйымдастырылған. Ақшамен бөлісу қаншалықты біз үшін оңай болса, соншалықты олар біздің қолымызға жеңіл түседі. Цикл (айналым) заңы барлық материалдық тауарларға қатысты. Сіз армандайтын өмірді құру үшін қажет емес барлық нəрселермен бөлісуді үйреніңіз. Қазіргі уақытта сізге қажет нəрсеге орын беру үшін көп пайдаланбайтын нəрсені беріңіз. Жылына кем дегенде бір рет жалпы түгендеуді жүргізіңіз, əсіресе гардеробта, жəне қажетсіз болып қалған заттарды таңдаңыз. Егер сіз бірде-бір рет кимеген қандай да бір киімді мұқтаж жандарға беріңіз. Заттарыңызды қайырымдылыққа беріңіз. Артық заттардың бəрінен құтылып, қалғанын ретке келтіріңіз, өйткені материалдық өмірдегі тəртіпсіздік ойлардағы тəртіпсіздікті көрсетеді. Өйткені, өмір əуелі іште, содан кейін сыртта екені белгілі.