Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
- Автор: Булгакбаев Нарша
- Серия: La flotte perdue: Par-delà la frontière #2
- Год: 2021
- Язык: русский
- Год: SelfPub.ru
- ISBN: 978-5-532-93728-4
- Жанр: Бизнес
Электронная книга - «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім». Краткое содержание книги:
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.
ӨЗГЕРІС ҚОРҚЫНЫШЫН ЖЕҢІҢІЗ
Егер өмір туралы қалыптасқан көзқарастар бізді адасуға мəжбүр етсе, неге біз оларды өзгертуден бас тартамыз? Неліктен біз қалағандай өмір сүру үшін қажетті əрекеттерді жасамаймыз? Себебі біз өзгеруден қорқу үшін бейсанада сыртқы күштермен бағдарламаланғанбыз. Біз сенімділікке тəуелдіміз. Біз жақсы, тұрақты өмір сүргенді жөн көреміз, бірақ бақытты өмір сүру үшін тəуекелге барудан қорқамыз. Бізге енгізілген бағдарлама бізді қауіпсіздік пен өзін-өзі сақтауға ұмтылуға, сондай-ақ белгісіздіктен қорқуға мəжбүр етеді. Адам қабылдаған шешім əрқашан ол туралы бір нəрсе айта алады. Шешім қабылдамау да. Егер сіз «Иə» мен «Жоқ» арасында үнемі өзгеріп отыратын болсаңыз, онда бұл ішкі қорқыныш сізді өзгеруден аулақ екеніңізді білдіреді. Кез-келген обсессия (жабысқақ ойлар) сияқты, нөлден туындаған күнә-қателіктер, қорқыныш көп жағдайда кейбір терең проблемалардың қақпағы ретінде қызмет етеді. Қорқыныш – бұл басқа адамдардан өз әлсіздігіңізді жасыруға мүмкіндік беретін, іштей алаңдататын маневр. Бұл əдетте «Ел-жұрт не дейді?» немесе «Егер мен қателессем ше?» деген сияқты.
Өзгерістер əрқашан белгісіздік элементін алып жүреді. Олар бейтаныс нəрсені сезіну, тəуекелге бару мүмкіндігін талап етеді. Егер сіз бүгін жұмысыңызды өзгертсеңіз, не сезінесіз? Жаңа лауазым, үлкен жалақыны, кəсіби өсудің үлкен мүмкіндіктерін жəне жақсы еңбек жағдайларын білдіреді делік. Осы өзгерістерге байланысты сізде күмəн, қорқыныш, уайым бар ма? Алаңдаушылық жағдайы болып жатқан өзгерістер оң, жағымды, позитивті болған кезде ғана біздің көңілімізді қалдырмайды.
ТАБЫСТЫ АДАМДАР ҰТЫЛҒАНДАРДАН ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ
Табысты адамдар мен жеңілгендер арасындағы айырмашылық олардың өзгеруге, өмірге, өзіне, Құдайға деген көзқарасы. Біріншілері екіншілерден кем алаңдамайды, бірақ олардың айырмашылығы, ешқандай уақытты бос қалдыруға мүмкіндік бермейді. Табысқа қол жеткізген адамдар өздерінің алаңдаушылығын прагматикалық, конструктивті жаратылыс арнасына бағыттайды.
Өзгерістерге, өмірге оң көзқараспен қарауға тырысыңыз. Олар сізге қарсы емес, сіз үшін жұмыс істеуі керек. Біз барлығымыз өмірдің баспалдағына көтерілеміз, оның əр сатысында бізді жаңа мүмкіндіктер мен жаңа сынақтар күтеді. Әрбір адам өз сана деңгейіне дейін көтеріле алады, алайда одан биік көтерілу үшін, сана деңгейін де көтеру керек. Солай сіздің биік мақсаттарға жету мүмкіндігіңіз көбірек болады.
Менің ойымша, біз жеке жəне кəсіби дамудың белгілі бір кезеңінде тек өзгеруден қорқу, өмір туралы өз ойларымызды асыра бағалау жəне жаңа жағдайға бейімделу қабілетсіздігінен тоқтаймыз. Не үшін? Біз жай ғана жайлы орында болғымыз келеді, біздің қабілеттеріміздің шектеулі екеніне сенеміз. Бірақ іс жүзінде біз әрекетсіздікке сенбейміз және сол үшін өзімізді тек әрекетпен бәрін шешеміз деп ойлап қателесеміз, қиындыққа тап боламыз.
АЛДЫН АЛА БІЛУ МҮМКІН ЕМЕС
Бала кезімізден жеке өсу процесінде сіз бірнеше рет қателесесіз. Бірақ біз өзімізді қателіктерімізді талдауға, не болмауы керек, не болуы мүмкін екеніне назар аударуға үйретеміз. Бізге үнемі өзін-өзі талдау, өзіне деген сыни көзқарас, өз іс-əрекеттерін «дұрыс» деп бағалау қажеттілігі туралы сенім қалыптасады. Нəтижесінде өзін-өзі сынау соншалықты қатал болады, біз қателесуден қорқудан қандай да бір нəтижеге қол жеткізуді тоқтатамыз. Бізге белгісіз қорқыныш ұялайды, сондықтан біз қазіргі уақытта не болып жатқанына назар аударудың орнына, екі аптадан кейін, екі айдан кейін, екі жылдан кейін не болуы мүмкін деп алдын-ала қорқамыз. Біз əрқашан сенімділікке ұмтыламыз, егер ол болмаса, біз ештеңе істемейміз. Біз өзімізді белгісіз шекке дейін жеткіземіз. Бірақ іс жүзінде, сіз не істесеңіз де, белгісіздік элементі əрқашан болады. Сіз тырыспайынша ештеңе біле алмайсыз, үйрене алмайсыз.
ҚАТЕЛІК ӨЛІМ ЕМЕС
Сіз бір нəрсені түсінуіңіз керек: өмірде қателік жоқ, тек білместік пен надандық бар. Біздің жалғыз гарантиямыз ‐ нəтижеге жету мүмкіндігі. Демократия бостандығы кейбір адамдарды қателіктер жасауға, қиындыққа тап болуға, өзім білемін деуге, «Құлдық Санаға», жаман әдеттерден тәуелді болуға ақырында, арты белгісіз қараңғы белгісіздікке апарды, бірақ бұл әлі өлім емес.