Бесплатная библиотека
Читайте книгу на сайте или телефоне
ОЯН РУХ! - Читать Любимую Русскую Полную Книгу 👉 Read-E-Book.com

ОЯН РУХ!

Электронная книга - «ОЯН РУХ!». Краткое содержание книги:

Менің атым Нарша, мен қазақпын! Менің мамандығым – өзгені өзімдей сүю, мен психологияны, философияны, дінді оқыдым, бірақ «ауыр сырқаттан» университеттен кетуге мәжбүр болдым. Мен 2017 жылдан бастап, 5 жыл бойы өте жағымсыз аурумен күресіп келемін, мен емделетініме өте сенімдімін. Өйткені емделмейтін ауру жоқ. Ауру да, оның емі де жаратылған. «Мен өз ауруымды жеңдім» деп айтуға шексіз сенімдімін, сондықтан ешкімнің көңілі түспеуі керек және қалай болса да сенімін жоғалтпауы керек.
1 2 3
Перейти на страницу:

Сән қылған хан сарайын.

Дейтін сияқты арамдық,

Әлсізді іздеп табайын.

Шын бақыт

Тойсыз өмір өмір ме?

Семіріп, толып, өлдік қой!

Əнсіз өмір өмір ме?

Секіріп, билеп, болдық қой!

Аман-сау жүргенің бақыт қой,

Ұмытпа еріп жаманға.

Ойын-сауығың алданыш қой,

Жаңылма еріп тобырға.

Дәурен оған езуін тартып,

Бақытты сәті келгендей.

Дүние оған жылмың қағып,

Шын бақытқа жеткендей.

Не десең егер шын бақыт,

Жеткізер жол жаннатқа.

Соғыссыз бейбіт заманның,

Қадірін ұға алдық па?

Исламның да тазасы бар,

Ақыл жүрекпен тапқаның.

Пайда берсе олар саған,

Бақытты қылар салғаның.

Өмірлер

Ұзақ жолдар өткізіп,

Оңай беріле салмаспыз.

Қанша белес еңсеріп,

Оңай жеңіле салмаспыз.

Жаудың іште екенін,

Сыналмай тұрып білмеспіз.

Сырттың жалған екенін,

Қиналмай тұрып білмеспіз.

Деніміз сау шарапат,

Дүниеге қарай тартыламыз.

Ауру болсақ шапағат,

Ақыретке қарай тартыламыз.

Уақытша айыру өлім дейтін,

Қимай қоштасып кетерміз.

Шын махаббат жан мен тәнде,

Қайтып айналып келерміз.

1 2 3
Перейти на страницу:
0
Сюжет
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Атмосфера
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Главный герой
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
0
Общее впечатление
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
Итоговая оценка: 0.0 из 10 (голосов: 0 / История оценок)